THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Цезарь грамматиктерден биік емес
Nec Caezor supra grammaticos (Светоний)
Иә, грамматиктерге
Цезарьдің де әмірі жүрмейді өйткені барлығы тілдің ішкі заңдарына бағынып,
алдындағы тілдік фактологияға сүйеніп тілдік бірліктерді, сөздің құрамын,
сөйлемнің құрлымын тиіптендіреді, жүйелейді. Бірақ тіл ғылымының тарихында
тілдің табиғатына емес, саясаттың нұсқауына мойынсынып тіл заңына үйлеспейтін
жасанды ережелер шығарған табанының бедері жоқ айнымалы ғалымсымақтар да
болған. Бүгін олардың кім екені белгілі және әлгілердің әрқайсысын тарих пен
халық өзді-өз орнына қойып отыр. Бүгінгі күні баянсыз әліпбимен негізсaіз емле
түзіп жатқан әріптестеріме бүгіншіл болмайық, ертең біз де қара тақтаға жазылып
қалмайық, – дегім келеді.
Сан сараптамадан,
тоқсан түзетуден өтіп, көпшіліктің талқысына тасталған емленің жобасы қолымызға
тиді. Бірден айтайын ережешілер ескі емледен ұзап кете алмапты. Сондықтан
емледегі кейбір бұрынғы талаптарға негізделген ережелерді қайта қарау үшін
жалпы тіл біліміндегі теорияларға көзсіз сүйенуден танбайтын көшірмешіл
ғалымдар емес, тілдің төл табиғатын тұтқа етіп ұстайтын ғалымдарды көптеп тарту
керек бұл жұмысқа. Кеңінен отырып талқылайтын ең басты мәселелер: әліпбидің өзі
содан кейін ережедегі бірге және бөлек жазылатын сөздер, дауыссыз й мен у
дыбыстарының емлесі, шеттен енген сөздердің жазылуы.
Қазақ әліпбиінде
тек төл дыбыстарға ғана таңба арналуы керек. Қазіргі қолданыстағы әліпбиіде 42
таңба бар. Оның он төрті жат таңба, 28-і ғана төл дыбыстарды бейнелейді. Бар
халықтың әліпбиі тек өзінің төл дыбыстарына ғана арналып түзілген. Әлі құлдық
санадан арыла алмаған біздің әліпби ұсынғыштар ұлттық әліпбидің ішіне әлгі 14 жат
таңбаның біресе анаусын, біресе мынаусын тықпалап әуре. Бұл мүлдем дұрыс емес.
Айналдырылған төрт-бес айда халыққа ресми түрде жарияланған бір-біріне мүлдем
ұқсамайтын, бірінен бірі туындамаған әлібилердің ешқандай ғылыми негіз жоқ (Бірінші нұсқа. 2017 жылы 11 қыркүйек,
Екінші нұсқа. 2017 жылғы 26 қазан, Үшінші
нұсқа. 2018 жылы 19 ақпан). Қазақ әліпбиі тек төл дыбыстардың таңбасынан
түзілуі керек те, емле ережелердің негізі де осы төл дыбыстардан құралған
сөздердің жазылуына арналуы керек.
Бекітілген әліпбидегі (32-28=4)/F, H (Х,Һ), V, CH таңбалары артық.
Қайталап айтайын, біз тілдің табиғатын сақтаймыз десек ұлттық әліпиімізде тек
28 төл дыбыс қана болуы керек. Бұл тілдің, дыбыстық жүйеміздің иммунитеті. Егер
бір бөтен таңба кірсе ол – вирус. Бізге тіліміздің жүйесі мен табиғатын
сақтайтын әліпби керек. Біресе анаған біресе мынаған ыңғайланған еш ғылыми
негізі жоқ жолбике әліпбидің ғұмыры қысқа екенін біле тұра сол бойынша емле
түзіп жатқандарды мен түсінбеймін. Мына мәтін кезінде Ахаңның әліпбиімен тек төл 28 таңбамен жазылған екен.
Біләдемір Ілійштің Үукірейін көменестеріне айтқан
насиқаты
Антантаның
кәпійталшылары дүниедегі ең бай, кәпійталшы мемлекеттер – Ағылшын, Пырансы,
Әмірійке, Жапан, Ыйталылардың одағы біздің әр қайсысымызды жеке-жеке жанышып,
тұншықтырып өлтірмек. Бұл іс жүзінде өзінен-өзі-ақ ашылып, шешіледі. Біздің
Қалшақпен соғысқанда, Денекійнмен соғысқанда көрген тәжірійбелеріміз де соны
ашып береді. Қалшаққа да, Денекійнге де сол Антантаның кәпійталшылары ақшасын
да, қару-жарағын да айамай жеткізіп беріп жатты. (Елдес Омарұлының аудармасынан.)
Оқыдым бірақ
түсінбедім дей алмайсыз, қазақпын дегенің бәріне түсінікті. Осыдан басқа бізге
не керек, айтыңыздаршы.
Бижомарт Қапалбек