КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Қазіргі қоғамда тіл білген адам әмбебап адам ретінде саналады. Ол кез келген салада жұмыс істей алады, тек қажетті тілді меңгерген болуы керек. Бұл қазіргі адамдардың тіл үйренудегі негізгі мотив-стимулы болып отыр. Әлемдегі кез келген мемлекет қостілділікті бастан кешіріп отыр: әлемдік мемлекеттердің тек 4% ғана біртілді мемлекеттер екен. Ал әлем халқының 70% қостілді көрінеді. Сол тәрізді Қазақстан да қостілді қоғамның қатарынан орын алуда. Кейбір мамандардың айтуынша, Қазақстанның ТМД мемлекеттері арасында зиялы, интеллектуалды болуына әсер етіп отырған да дәл осы қостілді мемлекет болуы дегенге саяды. Қазақстанның 90% орыс тілін «меңгерген» көрінеді, ал мемлекеттік тіл – қазақ тілін 70% меңгерген. Қостілділік феномені туралы өткен ғасырдың 60-70 ж,ж. бастап айтыла бастаған, соның бірі Кеңес Одағы мемлекеттері болатын, қостілділік құбылысы бұл мемлекеттерде өткен ғасырда қолға алына бастаған.

 

Қостілді қоғамның оң жақтары:

 

1. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, энтикалық мәдениетті көтеру. Қазіргі кезде әлемдік деңгейдегі 6 тілдің қостілділікті көбейтуге қатты әсер етіп отыр. 45 мемлекет ресми түрде ағылшын тілін қолданып отыр, 30 мемлекетте – француз тілі, 20 мемлекетте – испан тілі, 20 мемлекетте – араб тілі, 6 мемлекетте – португал тілі қолданысқа ие. Ал орыс тілі посткеңестік кеңістікте кең қолданыс тапқан. Қазақстан да мемлекет халқының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, интеллектуалдық қабатын қалыптастыру үшін де орыс тілінен бас тартпай отыр. Сол сияқты әлемнің көптеген мемлекеттері өздерінің интеллектуалдық бәсекелестік потенциалын жоғарылату үшін ағылшын тілін пайдалануда. Мәселен, Сингапур, Малайзия, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Израиль. Африка мемлекеттері ағылшын және француз тілдерін дефакто тіл қызметінде қолданады. Сингапурдың экономикалық держава қатарына қосылуына да дәл осы қостілді тілдік саясаты әсер еткен дейді мамандар.

 

2. Әлемдік ақпаратқа, ғылыми ресурстарға қол жеткізу, бүкіләлемдік білім жүйесіне қосылу. Әлемдік ақпараттың 70 % ағылшын тілінде сақталған және таратылатын болса, ал біз қолданатын орыс тілінде небәрі 2 % ғана ақпарат сақталған. Демек, әлемдік ақпарат пен ғылыми дискурсқа қол жеткізу үшін қостілді қоғам қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым бөлігі ағылшын тілінде жазылады, одан кейінгі орында тұрған неміс тілі, бұл тілде де басым ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

 

3. Интеграцияға иек арту. Қазіргі әлемдік саясатта орын алу үшін интеграция керек екені белгілі. Әлемдік деңгейдегі саясаттағы өз мүддеңді айқындау үшін саяси бірліктер, яғни, одақтар құру қажет. Мәселен, ЕуроОдақ, Қазақстан – Ресей – Беларусь үштағанынан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ. Қарасақ, Еуразиялық Одақтың құрылуына да негіз болып отырған – ол тіл, жұмыс тілі – орыс тілі. Бұл – интеграция. Интеграцияға біріктіруші басты фактор – тіл.

 

Ал жағымсыз, теріс жағы ретінде:

 

1. Әлемде, мемлекетте тілдердің жойылуы немесе басымдық функцияның берілуі. 2100 жылға дейін әлемдегі тілдердің 90 % жойылады. Бұл дәл осы қостілділік пен көптілділіктің кесірінен болмақ және дәл осы құбылысқа бейімделе алған тіл ғана өмір сүре алмақ. Әлемде тілдік төңкеріс, тиран-тілдер басқыншылығы анық байқалуда.

Сонымен қатар қостілділіктің негізгі табиғаты да сол – ассимиляция құбылысын тудыру. Дәл осы қос тілдің арасында ассимиляция жүргенде ғана қостілділік өнімді (продуктивті) болмақ. КСРО кезінде орын алған ана тіл – орыс тілі арақатынасын, XVIII ғасырдағы орыс тілі – француз тілі байланысын мысалға алсақ болады. Екі тілдің бірі ғана кең қызметке ие болады да, екіншісінің мәртебесі төмен болады. Мәселен, қазіргі Финляндиядағы: финн тілі мен швед тілдерінің арақатынасын алайық, екеуіне қаншалықты жоғары статус тағайындалса да, швед тілі кең қолданысқа ие емес. Қостілділік өзара тең жағдайда, тең деңгейде болуы мүмкін емес.

 

2. Мемлекет ішіндегі тілдік қақтығыстар, «тілдік соғыстар». Мәселен, Украина, Үндістан, Испания, Ұлыбритания тәрізді мемлекеттерде тілдік қақтығыстардың орын алып отырғанын байқауға болады. Қазақстанда да қазақ тілінің шектетілуіне байланысты орыс тіліне деген негативті көзқарастың бар екенін білеміз, мұндай көзқарастың неміс халқында да қалыптасқаны байқалады: Denglisсh – немістік ағылшын тілділер мен пурист неміс тілділердің арасында жағымсыз, қарама-қарсы көзқарастар қалыптасқан.

 

3. Тіл табиғатының өзгеруі, соған сәйкес халықтың, ұлттың психологиясы, менталитетінің өзгеруі. Қазірде көптеген тілдерге ағылшын тілінің сөздері емін-еркін кіріп кетіп жатыр. Жапондық ағылшын тілін (гайриго), германдық ағылшын тілі, Ресейлік ағылшын тілі тәрізді шала, суррогат тілдер пайда болды. Сонымен қатар, бұл ана тілдің табиғатының, тілдік заңдылықтарының өзгеруіне, бұзылуына әкелуде. Тілдің ішкі жағынан өзгеруі ұлттың да өзгеруіне әкеліп соғатыны белгілі. Әлемдік дабылдың дүрлігуі де сол себепті. Францияда, Швецияда, Чехияда, Германияда ана тілдерін қорғайтын мемлекеттік заңдар қабылданды. Франция француз тілінің құрамына енген әрбір сөзді мұқият қадағалайды. Иран, Франция мемлекеттерінде терминдерді қалыптастырудың арнайы заңдары бар.

Қалай десек те, қазіргі әлемдік қауымдастықта қостілділік құбылысы басты орын алып отыр, негізгі тілдік тенденцияға айналды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз