КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кез келген мемлекетте белгілі бір саяси-идеологиялық күштің іске асатыны белгілі. Сол тәрізді Қазақстанда да қазақтандыру (казахизация) процесі жүріп жатыр деп айта аламыз. Мәселен, ТМД мемлекеттерін қадағалап отыратын Ресей Қазақстанда қазақтандыру үрдісінің негізі қаланып жатқанын айтады және өзінше оған сын да айтып отырады. Анализ, мониторингтер жасалынып, нәтижелер көрсетіп отырады жыл сайын. Мәселен, орыс тілі бүкіләлемдік тіл құдіретінен айырылып бара жатыр, ал Ресей ТМД кеңістігінде орыс тілінің функциясын барынша сақтап қалуды мүдде етіп отыр. Болашақта құрылмақшы Еуразиялық Одақ та дәл осы мүддені барлық жағынан қолдап та, жақтап та бермек. Сол себепті Ресей ТМД кеңістігіндегі орыс тілінің континуумын барынша қадағалап отыр. Сонымен, Қазақстанда да қазақтандыру тенденциясы жүріп жатыр. Соңғы жылдары Қазақ үкіметі ұлттық құндылықтарға, шынымен де, көңіл бөле бастады. Қазақтандыруды іске асыратын бірінші құрал – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді мәртебесіне ие қылдыру жолында да жасалынып жатқан шараларды жоққа шығармаймыз. Себебі бұл жағдай оптималды динамикаға д ие болмаса да, белгілі бір шамада жылжып жатыр. Бізде тек мемлекеттік тілдің қолданылмай отырған саласы – билік қана. Өзге салаларда қазақ тілі барынша қолданыстық жағдайға ие. Жақында Қорғаныс Министрлігі де қазақ тілінің мәртебесіне көшті. Кеңес кезінде тек көркем әдебиет, театр, фольклор, радио, телевидение, газет-журнал, күнделікті өмір ғана қолданылатын қазақ тілі мемлекеттік статусқа ие болғаннан кейін қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени салалардың барлығында қолданыла бастады.
Жақында Ресейлік Росбалт сайты Қазақстандағы «казахизация» турасында сөз қозғады. Ол бойынша орыстардың да қазақтануға ыңғайлана бастағанын, адаптацияға дайындала бастағанын айтады http://www.rosbalt.ru/exussr/2014/04/08/1254081.html. Себебі орыс тілінің диверсификациясы жайында сөз қозғаушы ресейлік ғалымдардың көпшілігі ТМД-да, Қазақстанда орыс тілінің нұсқасы пайда болып келе жатқанын айтады. Бұл кейде қазақ тілінің тілдік заңдылықтары бойынша іске асып кетеді, яғни, сөйлемдер не тіркестер орыс тілінің реконструкциясына қарағанда әлдеқайда қазақ тілінің конструкциясына ұқсайды. «Раньше влияние русского на казахский было очень сильным, и до сих пор оно сохраняется. Но сегодня усиливается влияние казахского языка на русский. Примеров – море. Возьмем государственный документ, например, Госпрограмму функционирования и развития языков на 2011-2020 годы. Читаем предложение: «Основными мерами в данном направлении станут организация и проведение айтысов, мушайра, дебатных турниров и конкурсов жырау и жыршы». Вот такой текст возможен в Российской Федерации? Конечно, нет. А вам он понятен? Да! Сколько слов из казахского языка! И ведь это государственный документ. Или другой пример. «Назарбаев Университет» – это что, русская конструкция? Нет. Конструкция перекочевала из казахского языка (Назарбаев Университеті). Таково его усиливающееся влияние на русский. Сразу возникает вопрос: ой-ой-ой, это что же такое получается, русский язык в Казахстане и русский язык в России – это разные языки? Наверное, у нас образовался национальный вариант русского языка», – дейді проф. Э.Д. Сүлейменова бір сұхбатында. Одан кейін Росбалтта ономастикадағы «қазақтандыру» жайында айтып, фактілер келтіреді. Орыс тіліндегі жер-су аттарын қазақшаға ауыстыру ауқымды түрде жүргізілді: 1991-2005 жылдар аралығында 3 облыс аты, 12 қала аты, 53 облыс аудандары, 7 қала аудандары, 43 теміржол бекеті, 22 шағын елді мекен аудан аттары ауыстырылған. 3 облыс аты, 12 қала аты, 14 аудан аты, 76 теміржол бекеті, 22 шағын елді-мекен атының транскрипциясы өзгерген. Шынымен де, қазақ мемлекеті екенін дәлелдеу үшін ең бірінші атауларды, ономастиканы ретке келтіру қажет. Кеңес кезінде де орыстандыруды жүзеге асыруда ономастика атаулары үлкен идеологияға айналған еді. Кез келген жерге жамай берді, мәселен, Ленин атауы – 181 рет, Киров – 71, Калинин – 53, Крупская – 42, Маркс – 38 рет қайталанып қойылған, украин ақыны Шевченконың атауын еліміздің екі қаласы иемденді. Ал Қазақстан кезінде бұл атаулардың барлығы жөнделді: Целиноград – Астана, Алма-ата – Алматы, Чимкент – Шымкент, Семипалатинск – Семей, Усть-Каменогорск – Өскемен, Мирзоян – Тараз, Гурьев – Атырау, Яссы – Түркістан, Ленинск – Байқоңыр. Дәл осы топонимдерден шығып отыр мәселенің барлығы. Эргонимдер мен топонимдер, қазақша атаулардың орыс тілінде қолданылуы орыс тілінің дыбыстық заңы мен транскрипциялық қолданысына келе бермеуінің өзі орыс тілінің өзгеруіне әкеліп отыр, баспада орыс тілінің нормасының бұзылып жатқаны жайында көп айтылады. Бір кездері қазақ баспасөзінде орыс тілінде қазақ атауларын, қазақ эргонимдерін қазақша формада жазу жайында сөз қозғалған да еді. Әрине, бұл қайталаушылық емес, кеңес кезінде жасалған «шапирография» тәсілі қазақ артикуляциясы мен транскрипциясына үлкен зиян тигізген еді. Ал бұл өз кезегінде орыс тіліне нормалық кері кетуді алып келетін еді. Кейде негізгі графикалық форманы қолданып жазады: пенсионный фонд «Ұлар-Үміт», редактор газеты «Қазақ әдебиеті», Национальная программа «Нұрлы көш», народный танец «Қара жорға», концерн «Атамұра» және т.б. Орыс тілі бұрыннан бері толернтты тіл еді, бұл тілде ағылшын-американдық элементтер де, түріктік элементтер де орын алған, сол тәрізді қазақ тілі де дәл орыс тілінің «арқасында» біраз толеранттылыққа ие болған тәрізді. Себебі қазір қазақ тілінде орыс тілінен аударылған сөздерді былай қоя тұрайық, ағылшындық элементтердің қазақ тіліне енуіне бірден-бір себеп жасап беріп отырған да дәл осы орыс тілі.
Одан кейін қазақтандыруға негіз болғалы отырған – латынға көшу. Бұл мәселе тәуелсіздік алғаннан бері жалғасып келе жатқан мәселе және бұл мәселенің жыл сайын қозғала беруінің өзі оның маңыздылығын арттыра түседі, оның үстіне латынға көшуге шешім қабылданды да! 2025 жылға дейін латынға көшу операциясы бір ізге түскен тәрізді.
Қазақстанда осы күнге дейін 146 тіл тіркелген көрінеді, оның тек 43 тілінде бар болғаны 200 адам ғана сөйлеген және бұлар өте шашыраңқы орналасқан елде. Егер қазақ тілі мен орыс тілінде сөйлейтіндерді алып тастаса, елдің 13,2% өзге тілде сөйлейтін болып шығады. Ал бұл салыстырмалы түрде көп емес және өз кезегінде Қазақстанда моноэтностық құрылым пайда болып келе жатқанын мойындау қажет. Мемлекеттің 70% жергілікті ұлт, титулды ұлттың үлесінде. Мұны екі үлкен фактор негізін қалап берді: бірі – шет елден келген қазақ-репатрианттардың келуі, екіншісі – славян тектес ұлттардың елден көшіп кетуі. Ал бұл өз кезегінде тілдік біртұтастықты негіздейтіні белгілі. Тілдік орталықтандыру қаншалықты жүргізіліп жатса да, бұл процесс өте тез жүріп жатқан жоқ, баяу. Алайда бұл процестің дәл осылай баяу жүргенін, бірақ динамикалық сипатқа ие болғаны өте дұрыс деп санаймыз. Бір жағынан бұл үрдісті жоққа шығарып та тұрған әрі бір жағынан оның «астыртын» жүруіне негіз болып отырған үштілді тіл саясаты. Алайда бұл саясаттың насихаты былай болуы тиіс: қазақ тілі – негізгі тіл, қазақ тілі – мемлекеттік тіл: дамытамыз, орыс тілі - халықаралық тіл: қолдаймыз, ағылшын тілі – халықаралық экономика тілі: үйренеміз. Әрі 2020 жылға дейін мемлекеттің мемлекеттік тілді білушілердің қатары 60%-дан 95%-ға көтерілуі жоспарланған. Жоспар іске асу үшін берілген, сондықтан тек іске асады деп ойлаймыз.
Мемлекетте қазақтандыру үрдісі жүріп отырған жоқ дегенге проф. Э.Сүлейменова мынандайды айтады: «Израиль – көне иврит тілін тірілте алған әрі бүгінгі күнде негізгі мемлекеттік тілге айналдырған (деструктивті тілдік саясат) және мемлекет салаларының барлығында қолданысқа ие. Алайда бұл мемлекеттің купюрасы – шенеке ақшасында не көреміз: купюрада бірнеше тілде жазу жазылған – иврит, ағылшын, араб және тағы басқа... Демек мемлекет бір жағынан, монотілдік саясатты қолданып отырса, екінші жағынан мультилингвисттік саясатты да қолдап отыр (яғни, мемлекет ішінде бар тілдерді, әсіресе, араб тілін)». Қазақстанда да дәл сондай жағдай демекпіз. Алайда Қазақстан ақшасында – теңгеде – екі тілде жазылуы – бұл орыс тілінің Қазақстанда нағыз мәртебесінің бар екенін білдіреді. 
Ресей интернет ақпаратында былай деп жазыпты: «языковой вопрос в Казахстане – один из главных. В этом смысле эту страну уместно сравнивать с Украиной. Однако между ними есть существенные различия. Хотя в Казахстане статус русского языка выше, чем на Украине, казахизация ощущается больнее, чем украинизация» http://vlasti.net/news/116881. Әрине, ресейлік баспа қашанда критикаға әуестенгіш, алайда, сын көз сыншы ғой. Демек, қырағы бақылап отырған ресейлік медиа осылай қорытынды жасағандығы тегін емес.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз