КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    «Жас қазақ» газетінің биылғы (№8,27.02.2015; №17-18,01.05.2015) бірнеше санында «ң» дыбысын айта алмайтын телерадио журналистері туралы жазған болатынбыз. Араға аз уақыт салып, бұл мәселені қайта баспасөз беттерінде қозғап отырған себебіміз, аталған телерадио саласының басшылары бұған қатысты нақты шара қолданбай отыр. Қазақтың төл дыбысы «ң» әрпін айта алмайтын әріптестеріміз әлі эфирде тайраңдап жүр. Газеттің осы жолғы санында белгілі тіл маманы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбекке жолығып, қазіргі қазақ тіліндегі «ң» дыбысының ерекшелігі жайында сұхбат жүргізген едік:

    Жас қазақ: Қазақ тіліндегі «ң» дыбысы басқа түркі тілдес халықтарда кездесе ме? 
Әлімхан Жүнісбек: Әдетте көрші отырған елдердің арасында бір-бірінің тіліне, әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты өзара зілсіз қалжың жүреді. Сондай бір-бірінің қытығына тиетін әзіл-оспақтар, мысалы, қазақ пен өзбек, қазақ пен қырғыз арасында да жеткілікті. Көрші қырғыз ағайындар бізге «маңқа қазақтар» деп тиіседі. Олай деудің өзіндік себебі де бар. Олардың тілінде танаудан шығатын (мұрын жолды) «ң» дауыссыз дыбысы жоқ, ал біздің тілімізде бар. Сондықтан да біз «жаңа» деп сөйлесек, олар «жана» деп сөйлейді. Өзара бас қосқан отырыстарда қырғыз құрдастардың тіліне тиек болатын қалжыңдарының басы да осы жайт.
    Әрине, бір тілде бар дыбыстың екінші тілде болмауы заңды құбылыс. Біз сөз еткелі отырған «ң» дыбысы сондай дыбыстардың қатарына жатады.
Бұл дыбыс қырғыз тілінде жоқ болса, керісінше, қазақ тілінде өте жиі кездесетін дыбыстардың қатарына жататын төл дыбысымыз болып табылады. Қазақ тілінің өзіндік бір ерекшелігі де осы дыбысқа байланысты. 
Жас қазақ: Қазақтың осы төл дыбысы «ң» көне түркі тілдерінде болған ба?
Әлімхан Жүнісбек: «ң» әрпі қазақ тілінің төл дыбысы болатын себебі:
    – негізгі түбір сөздердің құрамында еркін кездеседі: таң, тең, тоң, көң, тың, әңгіме, сіңір т.б.;
   – қазақ тілінің қосымшаларының құрамында жиі кездеседі: ның/нің (баланың/жеңнің), тың/тің (құстың/істің), дың/дің (қаздың/көздің), ың/ің (қолың/сөзің), сың/сің (баласың/кімсің) т.б. (Бұл жерде сөздің айтылымын (орфоэпиясын) емес, жазылымын (орфографиясын) сақтап беріп отырмыз).
Осы келтірілген мысалдардың өзі-ақ дауыссыздың төл-тума дыбыс екенін дәлелдейді. Дауыссыздың көне (ежелгі) түркі тілінің өзінде кездесетіні даусыз. Тек Еуропа зерттеушілері өздерінің тілінде жоқ болғандықтан, мысалы, тәңірі сөзінің құрамындағы «ң» дауыссызын «нг» деп белгілеуге мәжбүр болған, қазіргі кезде тәңірі сөзінің тенгри болып жүргені сондықтын. Жол-жөнекей болса да осы сөздің құрамындағы еуропа тілінде жоқ «ә» дауысты дыбысының «е» дыбысына алмасып кеткенін де ескерте кетейік деп отырмыз.
    Қазақ тілінде сөз басында кездеспейтін бес дыбыстың (р, й, у, л, ң) бірі осы «ң» дыбысы. Сондықтан да оның әліпби атауы «ңы» емес, «ың» болатынын, кезінде А.Байтұрсынұлы ескертіп кеткен. Бұл жерде сөз басында жазылып жүрген р, л, у әріптерінің орфографиясын ескермеген жөн. Дұрысы ырас, ірет, ылас, ылақ, ұуық, ұуыс т.б. Бұл сөздердің рас, рет, лас, лақ, уық, уыс болып келуі қазақы айтылымға жат болып табылады.
Жас қазақ: Болашақта осы «ң» дыбысы мүлде жойылып кетуі мүмкін бе? Оны сіз ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіре алар едіңіз?
    Әлімхан Жүнісбек: Дауыссыз «ң» дыбысының қазақ тілінің жіктелім кестесінде өз орны бар (кестені қараңыз), дыбыстың толық анықтамасын академиялық еңбектерден табуға болады. Өкінішке қарай мектепке, тіптен жоғары оқу орындарына, арналған оқулықтарда дыбыстың жасалымы (артикуляциясы) жаңсақ түсіндіріліп жүр. Егер оқу-әдістемелік құралдарда «ң» дыбысының шынайы анықтамасына жете мән берілмесе, болашақта «ң» дауыссызы жойылып кетуі мүмкін немесе «нг» болып шыға келуі де ғажап емес. Туысқан түрік тілінің тәжірибесінен байқағанымыз, осы дыбыс арнайы таңбамен белгіленбеген соң, қазіргі ұрпақ тілінде жойылып кеткен.
    Мысалды алыстан іздемей-ақ, қазақ теледидарының бірінде бадырайтып «кен дала», «жап-жана» деп жазып беріп отырғанын күнде көріп отырмыз. Мұны көріп, өскен ұрпақтан не сұрайсыз.
    Дауыссыз «ң» дыбысының жүйелі жұптас дыбыстары бар, осы дыбыстардың бірі болмаса, қалғаны да болмайды. Қазақ тілі дыбыстарының жүйелілігі (системасы) осыны көрсетеді.
    Сызбадан көрініп тұрғандай, дауыссыз қ-к, ғ-г дыбыстарының тілдегі орны қандай болса, ң-ң дыбысының да орны сондай. Кез келген қазақ тілі дыбысының тіл жүйесіндегі ұлттық мәртебесі өзге дыбыстармен тең. Ал дауыссыздың ң-ң болып қосақталып тұруының себебін академиялық еңбектерден табуға болады. Көпшілікке арналған сұхбатта ол жайға тоқталып жатқанды жөн көрмедік.

Сұхбаттасқан 
Жылбек Керімбек
Жас қазақ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210957 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200897 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187893 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика