КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Егінсу ауылында 1903 жылы 27 желтоқсан күні дүниеге келген. Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филолог, ғылым докторы (1948), профессор (1948), Қаз. КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1954). 1937 жылдан КПСС мүшесі. Орта Азия мемлекеттік унверситеті педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1930). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер. 1931 ж. ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. Оның 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді. Ғалым алғашқылардың бiрi болып қазақ мақалдары мен жұмбақтарын, "Бөгенбай батыр" жинағын шығарды. Сондай-ақ, қазақ тiлiнiң академиялық түсiндiрме сөздiгiн, қазақ тiлiнiң қазақша-орысша сөздiгiн жасауға басшылық еттi.

Өмірбаяны

1931-1942 жылдары Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Қазақтың ұлттық мәдениетін зерттеу институтының директоры, ғылыми хатшысы, КСРО Ғылым академиясы Қазақстан филиалының тіл және әдебиет секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Сол жылдарда қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, жауынгерлер арасында саяси-тәрбие жұмыстарын жүргiзді. Кеңес Одағының батырлары жөнiнде ақпараттар жариялап, қазақ тiлiнде Қызыл армия үгiтшiсi блокнотының жауапты редакторы болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі болып істеді. Ғалым жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғылыми жұмыстардыы ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал етті. С.Аманжолов қазақ тiлi мен тарихы жөнiнде бiр қатар оқу құралдарын жасады, қазақ жазуын реформалау жобасының авторы болды. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді. Диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды. Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің аралас құрмалас деген түрін енгізді. Аманжолов қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. Қазақстанның 15 жылдығы құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік медальдармен (1945) марапатталған. Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Оны аса қызықтырған тағы бір мәселе - Қазақстан жерiндегi тау-тастарға жазылған көне жазулар мен ру таңбалары еді. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. 1939-1940 жылдары профессордың жетекшiлiк етуiмен қазақ әдебиетiнiң классигi Абай Құнанбаевтың толық шығармалар жинағы басылып шықты. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.

 

Өзекті мақалалары

 

1.            Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (https://mtdi.kz/main/til_sayasaty/id/777/q/1)

2.            Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра (https://mtdi.kz/main/til_sayasaty/id/776/q/1)

3.            Мектепте ана тілін оқытудың мақсаты және маңызы

4.            Солтүстік-шығыс диалект – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі

5.            Ұлт мәдениеті институты ашылғалы екі жылға айналды

6.            Асылымызды ардақтайық (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/780/q/1)

7.            Қоңыраттар мен меркіттер (мергіттер) туралы (https://mtdi.kz/main/tilshi_portfeli/id/608/q/2/z/4)

Ол туралы

1.            Профессор Сәрсен Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/779/q/1)

2.            Профессор Сәрсен Аманжолов және қазақ тіл білімі ( https://mtdi.kz/main/tilshi_portfeli/id/775/q/1)

Еңбектері

 

1. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы. Жоғары дәрежелі мектептер ушін оқу қуралы (Қолжазба ретінде). Апматы, 1940.

2. Природа сложно-подчиненных предложений в казахском языке по сравнению с русским языком. Ученые записки Казахского педагогического института им. Абая, т. I. Алма-Ата, 1940.

3. Қазақ тілі тарихының Қазақтың мемлекетік педагогика институтында оқылатын курсының программасы. Алматы, 1940.

4. Орыс әліппесі — бүкіл СССР халықтарының әліппесі. «Қазақ әдебиеті», 10/1-1940.

5. Об орфографии казахского языка. «Казахстанская правда», 29/УІІІ-1940.

6. Қазақ тілінің орфографиясы туралы. «Социалистік Қазақстан», ЗО/УІІІ—1940.

7. Новый алфавит и орфография казахского литературного языка (составлен на базе русского алфавита. Проект. Одобрен Оргкомитетом нового алфавита при ЦК КП (б) К. Алма-Ата, 1940.

8. Ұлы жұмысты іске асыру жолында, «Коммунист» (Жамбыл облыстық газеті), 10/ХІІ—1940.

9. Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Проект. ҚК(б)П Орталық Комитетінің жанындағы жаңа алфавит ұйымдастыру комитеті қабылдаған. Алматы, 1940.

10. Тіл ғылымы және оның мақсаты. (I лекция). «Халық мұғалімі», 1940, №7-8.

11. «Қазақ» деген сөз туралы. «Пионер», 1940, №12.

12. Жұмбақтар. Құрастырған-С. Аманжолов. Алматы 1940.

13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Редакциясын басқарған-С.Аманжолов. Алматы, 1941.

14. Жаңа алфавиттің принциптері туралы. «Социалистік Қазақстан», 12/11—1941.

15. Екі-үш түрлі айтылатын сөздер туралы. «Пионер», 1941, №1.

16. Географиялық атаулар. «Пионер», 1941, №3.

17. Көп мағыналық және бір түбірдің бірнешеге жарылуы. «Пионер», 1941, №4.

18. Курс казахского языка на новом алфавите (в помощь изучающим). «Казахстанская правда», 14, 16, 28/111; 2, 15, 27ІУ; 10, 17, 23, 31/У; 14/УІ-1941.

19. Орысша-қазақша әскери сөздік. Редакциясын басқарған-С. Аманжолов. Алматы, 1942.

20. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім (синтаксис). Орталау және орта мектептердің УГУІІ кластарына арналған. Негізгі автор. Алматы, 1942, 1946, 1948, 1949, 1950.

21. Ұлы Отан соғысының батырлары туралы очерктер, «Қызыл Армия үгітшісінің блокноты», Москва, 1944- 1945.

22. Совет Одағының батырлары туралы листовкалар. Москва, 1944-1945.

23. Герои Советского Союза - казахстанцы (сборник документов). Соавтор (6,5 п.л.). ЦАУ НКВД, Алма-Ата, 1946 (на казахском и русском языке).

24. Русско-казахский словарь (в 2-х томах). Соавтор. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1946.

25. Ол ана тілін ардақтады. «Социалистік Қазақстан», 15/V—1948 (Әлішер Науаи турапы).

26. Ғылым ордасы. «Социалистік Қазақстан», 29/У-1948.

27. Об основных проблемах казахской диалектологии. «Вестник АН КазССР» 1948, №7.

28. К истории изучения казахских диалектов. «Известия АН КазССР», 1948, вып. 5.

29. Қазақтың әдеби тілі. (Көпшілікке арналған лекцияның стенограммасы) Алматы, 1949.

30. Ана тілі. «Пионер», 1949, N«4.

31. Советтік тіл ғылымының теориялық негіздері. «Халық мұғалімі», 1949, №9.

32. Советтік тіл ғылымының даму негіздері. «Халық мұғалімі», 1949, №10.

33. Қазақ тілінің кейбір мәселелері (Алфавит пен емле жөнінде). «Социалистік Қазақстан», 13/ХІІ—1949; «Советтік Қарағанды», 20/ХІІ—1949.

34. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, I бөлім. Жоғары мектеп оқушылары үшін оқу қүралы. Алматы, 1950.

35. Жоғары оқу орындарында оқылатын қазіргі қазақ тілі программасы. Алматы, 1950-1951.

36. Орта мектептерге арналған қазақ тілі программасы. Алматы, 1950-1951.

37. Ана тілін жақсы біл. «Пионер», 1950, №9.

38. Советское языкознание на новом этапе. «Вестник АН КазССР», 1951, №1 (70).

39. О задачах казахских языковедов. «Большевик Казахстана», 1951, №3.,

40. Жаңа дәуірге көшкен советтік тіл ғылымы және қазақ тілінің кейбір мәселелері. «И.В.Сталин жолдастың еңбектері негізінде қазақ тіл білімінің мәселелері». (Жинақ). Алматы, 1951.

41. Халықтар неге әр тілде сөйлейді. «Қазақстан пионері», 28/УІ-1951.

42.Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім (синтаксис). Жеті жылдық мектеп пен орта мектептің УІ-УІІ кластарына арналған. Теориялық жағын жазған - проф. С.Аманжолов. Алматы 1951 (өңделіп, қайта жазылып, алтыншы басылуы), 1952, 1954, 1955, 1957, 1958 (12-басылуы).

43. За высокоидейные учебники для школ республики. Соавтор. «Казахстанская правда», 11/УІІГ 1951.

44. Арзымбетов С. Русско-казахский сельскохозяйственный словарь с основными терминами биологии. Под редакцией проф. С. Аманжолова. Казиздат, Алма-Ата, 45.1955.

46. О диалектах казахского языка. «Вопросы языкознания», 47.№6.

48. Некоторые сведения о древних племенных диалектах казахского языка. «Известия АН КазССР», 1954, серия филологии и искусствоведения, Вып. 1-2. 1954.

49. О диалектной основе современного казахского языка. «Известия АН Каз ССР», 1955, серия филологии и искусствоведения, Вып. 3-4.

50. Создать обстановку для свободной научной критики (Письмо в редакцию).

51. «Казахстанская правда», 25/111-1955.

52. Писанйцы (петроглифы) на скалах Бугытас. «Вестник АН КазССР», 1956, №4 (в соавторстве с А.Аманжоловым).

53. Қазақ алфавиті мен орфографиясының кейбір мәселелері жөнінде. «Социалистік Қазақстан», 30/111-1957. Адамзат тарихындағы ең ардақты күн. «Педагог кадрлар үшін», 2/ХІ-1957.

54. Қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен аударма мәселесі туралы. «Социалистік Қазақстан», 15/1- 1958. (А.Әбдірахмановпен бірлесіп).

55. Выступления от 26 и 27 сентября 1956 г. Сборник «Вопросы грамматики тюркских языков» (Материалы кординационного совещания по проблемам глагольного вида и сложноподчиненного предложения в тюркских языках, состоявшегося 24-27 сентября 1956 г.) Алма-Ата, 1958.

56. Памятники древнетюркской письменности и их отношение к современным тюркским языкам. «Материалы I Всесоюзной научной конференции востоковедов в г. Ташкенте 4-11 июня 1957 года», Ташкент, 1958.

57. «Отыр» мен «тұр» етістіктерінің тарихы туралы этюд. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері», I. Апматы, 1958.

58. Толықтауыш пен пысықтауыш жөніндегі кейбір ойлар. «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1958, N27.

59. Орысша-қазақша терминология сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, проф. С.Аманжолов. 1-том (метал- лургия өнеркәсібінің, таукен ісінің және физикалық географияның терминдері).2-том (математика, физика және астрономия терминдері). Алматы, 1959.

60. О научной терминологии и переводной литературе на казахском языке. Сборник «Вопросы казахского языкознания», Алма-Ата, 1959.

61. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Апма-Ата, 1959.

62. Сабақтас қүрмалас сөйлем. «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1959, №1.

63. Үйірлі мүше туралы. «Қазақ тілі мен едебиеті», 1959, №11.

64. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының программасы. Алматы, 1960.

65. Кейбір зат есімдердің тарихы туралы. «Қазақстан мектебі», 1963. N012.

66. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар. Алматы, 1964.

67. Бастауыш туралы. «Қазақстан мектебі», 1974, №1.

68. Ел сыры жер сырымен сабақтас. «Білім және еңбек», 1983, №12.

69. Майдан күнделігі. «Жулдыз», 1984, №5.

70. Қазақ офицерінің жарқын бейнесі. «Білім және еңбек», 1985, №11 (ІІІоқан Уәлиханов туралы).

71. Асылымызды ардақтайық. «Зерде», 1989, N»5.

72. Уважать родной язык. «Вечерняя Алма-Ата», 5/1- 1993.

73. Синтаксис және ойлау мәселелері. «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабарлары», филология сериясы, 1993, №1.

74. Сөз тұлғалары, «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1993, N06.

75. Қазақ тілі. ІХ-класқа арналған оқулық. Алматы, 1992, 1994... 2001 (негізгі азтор).

76. Қазақ тілі: Синтаксис. Орта мектептің VIII класқа арналған оқулық. Алматы, 1993 (20-басылуы), 1995, 1997, 2001 (негізгі звтор).

77. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсьі. Алматы:

78. Санат, 1994 (өңделіп, толықтырылып 2-басылуы).

79. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алматы: Санат, 1997 (2-е, дополненное издание), 2001 (дополнительный тираж).

80. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған байқау оқулығы. Алматы, 2000 (негізгі автор).

81. Қазақ тілі теориясының негіздері. - Основы теории казахского языка. Алматы, 2002 (на казахском и русском языках).

82. Морфология мәселелері. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы», филология сериясы. «Вестник КазНУ», серия филологическая, 2003, №4 (66).

83. Научная и организационная деятельность (из отчетов пятидесятых годов). «Вестник КазНУ», серия филологическая, 2003, №4 (66).

84. Қазақ тілінің академиялық сөздігін жасаушыларға нұсқау. - С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы және XXI ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен, 2003. // Научное наследие С.Аманжолова и проблемы гуманитарных наук XXI века: Материалы Международной научно-практической конференции. Усть- Каменогорск, 2003.

85. Қазақ тілі академиялық сөздігіне сөз басы.- Сонда, Өскемен 2003.

86. Из опыта политико-воспитательной работы среди бойцов нерусской национальности в дни Великой Отечественной войны. -Сонда, Өскемен, 2003.

87. Сөйлем мүшелерінің жіктелу принциптері.- «С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. - Алматы, 2004.

88. Шәңгіштай мектебі (есте қалғандар). - «С.Аманжолов оқулары-2004» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материапдары. Өскемен, 2004.

89. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы, 2004, 2005 (негізгі автор).

90. Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры. Зерттеулер, фольклор материалдары. Құрастырған -А.С.Аманжолов. Алматы, 2004.

91. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.

92. Светлый образ первого офицера-казаха. «Культура», 2005, №5 (о Чокане Валиханове).

93. Заметки о тюркском этногенезе. - Материалы Международной научно-практической конференции «Аманжоловские чтения-2005». часть III. Усть-Каменогорск, 2005.

94. Т іл және жазу. -Язык и письмо. Усть-Каменогорск, 2005 (на казахском и русском языках).

 

Ескерту. Бұл тізімге С.Аманжоловтың 1927 жылдан бастап, әр түрлі баспаларда жарияланган өлеңдері, ел аузынан жазып алған біраз аңыз-әңгімелері және кейбір мақалалары енбеді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 485 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 907 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1093 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49385 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47144 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44852 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика