КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аман Мәделханұлы Абасилов – филология ғылымдарының кандидаты, социолингвист-ғалым, 1966 жылы, 9 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылында дүниеге келген. №141 Қ.Сәбіров атындағы орта мектетің 1983 жылғы түлегі.

 Өмірбаяны

 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, Білім министрлігінің арнайы жолдамасымен Ақмола қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Педагогикалық университетіне оқытушылық қызметке орналасады.

1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданып, жалпы тіл білімі және тіл тарихы кафедрасының аспиранты болады. Ғылым жолындағы ізденісін тіл білімінің жаңа бір саласы - әлеуметтік лингвистикамен байланыстырады. Ғылымның осы бағытында бұрын өзі қызмет еткен Қазақстанның солтүстік аймағындағы мемлекеттік тіл проблемаларымен айналысады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Хасанұлының жетекшілігімен

1989 жылы 14 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы мемлекеттік тілдің социолингвистикалық проблемалары: оларды шешу жолдары» деген тақырыпта диссертациялық жұмысын қорғайды. 1989 жылдан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, 2007 жылдан кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

Республика, облыс көлемінде тіл саясаты, мемлекеттік тіл мәселелері, тіл тазалығы мен мәдениеті, қазақ әдеби тілі, оның нормалары мен стильдері, терминология, әліпби, қостілділік т.б. мәселелермен тұрақты айналысып жүрген тіл маманы, білікті, жаңашыл ұстаз. Қазақстандық әлеуметтік лингвистика ілімінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі. Ол осы салада 40-дан астам мақала жариялаған, 2 оқу құралының, 2 монографияның және бірнеше әлеуметтік-аналитикалық зерттеу еңбектерінің авторы.

Аман Маделханұлы оқу-тәрбие жұмыстарындағы үлгілі еңбегі және университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, елеулі үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хатымен (2001), білім беру саласындағы шығармашылық істермен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің құрмет грамотасымен (2002 ж.), Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің алғыс хатымен (29 қыркүйек, 2006 ж.), Сыр елі қаламгерлерінің 200 томдық «Сырдария кітапханасы» антологиясының шығуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алғыс хатымен (2010 ж.) марапатталған. Сондай-ақ Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» меделімен (№1722), Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

 Өзекті мақалалары

 1. Алматы облысындағы этностар және олардың тілдерінің қызметтік жүктемелері

2. Ана тілі және оған жақын аралас түсініктер

3. Қазақстандағы әлеуметтік лингвстикалық зерттеулер: ізденістер мен жаңа мүмкіндіктер, проблемалар

4. Қызылорда облысындағы тілдер: қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен проблемалары 

5. Мемлекеттік тіл: мәні мен қызметі, әлеуметтік лингвистикалық мәселелері 

6. Тіл меңгерудің әлеуметтік лингвистикалық деңгейлері 

7. Тілдердің үштұғырлығы және тілдер қарым-қатынасының теориясы

 Еңбектері

 Кітаптар

1 Демократия дегеніміз не? -Алматы, ДЕТАР орталығы, 1998. -50 бет.

2 Мәдениеттану сөздігі. - Қызылорда, 2002. (авторлар бірлестігі: А.Әбілов, А.Абасилов, Б.Боранбай). -160 бет. -Қызылорда, 2002. -160 бет.

3 Әлеуметтік лингвистика сөздігі (оқу құралы). –Қызылорда: АДАС, 2008. -165 бет.

4 Әлеуметтік лингвистика (оқу құралы). –Қызылорда: АДАС, 2009. -230 бет.

5 Алматы облысындағы тілдік ахуал (әлеуметтік және аналитикалық зерттеу) Монография. -Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 88 бет.

6 Тіл оқыту орталықтары: қалыптасуы мен дамуы, нарықтағы қызметі (әлеуметтік және аналитикалық зерттеу) /Авторлар ұжымы: А.М. Абасилов, Г. Ш. Бекенова, А.Е. Жүсіпов және т.б. –Астана: «Іскер» бизнес академиясы, 2013. - 188 бет.

7 Алматы облысындағы тілдік ахуал (саулнама қорытындысы) -Алматы: Мемлекеттік тілдідамыту институты, 2013.-75 бет.

 Мақалалары

1 әл-Фараби тілдік орта мен шешендік өнердің тәрбиелік мәні туралы // «әл-Фарабидің шығыс халықтарының мәдениеті мен тарихындағы орны». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ.- Алматы, 1994. 42-44- бб. (А.Құмаровамен бірлесіп жазылған).

2 С.Сейфуллиннің әлеуметтік лингвистикалық мұрасы // Сарыарқа. 1994. №6. 15-16 бб.

3 Ақмола облысының тілдік жағдайы // Қазіргі қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері. Жинақ. -Алматы: АлМУ, 1995. 34-42 бб.

4 Мемлекеттік тіл – көптілділік жағдайында әлеуметтік қажеттілік // Қазақ тілі тарихының мәселелері. Жинақ. -Алматы: АлМУ, 1997. 65-72 бб.

5 Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамыту – Қазақстан үшін тиімді жол. // ҚР ҰҒА Хабаршысы. Тіл, әдебиет сериясы. № 1. -Алматы, 1998.102-108 бб.

6 Солтүстік аймақтың әлеуметтік лингвистикалық ақуалы // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 9-10. -Алматы, 1998. 95-102 -бб.

7 Тілдің тірегі нық болсын // Сыр бойы. 19 ақпан, 1998.

9 Сәкеннің лингвистикалық мұрасы // Сыр бойы. 27 қаңтар, 1998.

10 Қазақ тілін мемлекеттік мәртебесінде дамыту – Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңының негізгі қағидасы // Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Жинақ. –Астана, 1999. 316-320 бб.

11 Тіл төркіні // Сыр бойы. 15 қараша, 2001.

12 Терминологияны жүйелеу – тіл дамытудың басты шарттарының бірі // Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Жинақ. –Астана, 2002. 57-60-бб.

13 Ана тілін ардақтаған // Сыр бойы. 24 сәуір, 2004. (Б.Кәрібозовпен бірлесіп жазылған).

14 Мемлекеттік тілді оқытудың әлеуметтік-лингвистикалық негіздері // Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері атты республикалық семинар. Жинақ. -Астана, 7 қазан, 2005 жыл. 25-30 бб.

15.Қызылорда облысындағы тілдер: әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары // Сыр өңірі: өткені, бүгіні және болашағы. Республикалық ғылыми-теориялық конференция. -Қызылорда, 14-15 қазан, 2005. 78-82 бб.

16 Тіл меңгерудің әлеуметтік лингвистикалық өлшемдері // Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Жинақ. – Қызылорда, 2005. 98-99 бб.

17.Терминология және терминжасам мәселелері // Әділет органдарында мемлекеттік тілдің іс қағаздар жүргізудегі қолданысын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері атты аймақтық семинар материалдары. Жинақ. -Қызылорда, 2006. 20-26 бб.

18 Тіл дамыту: терминология және терминжасам мәселелері // Самала. 2 маусым, 2006.

19 Магистранттарға әлеуметтік лингвистикалық ілімді оқытудың кейбір мәселелері // Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. -Қызылорда, 2006. 45-48 бб.

20 Әлеуметтік лингвистика ілімі және оның жоғары оқу орындарында оқытудың маңызы // Жаңа ғасырдағы Қазақстанның тілдік кеңістігі және әлемдік лингвистиканың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ. -Алматы, 2008. 147-151 бб.

21 Қашықтықтан оқыту мен білім беру түсінігі // Ө.Айтбайұлы және тіл білімінің мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Жинақ. -Алматы, 2008. 231-234 бб. (К.Қамзаева, Ә.Мамыраевалармен бірлесіп жазылған).

22 Тілдердің үштұғырлығы және тілдер қарым-қатынасының теориясы // Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі: даму проблемалары мен болашағы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Жинақ. -Қызылорда, 2008. 58-62 бб.

23 Сыр бойындағы сөз саптау мәдениеті (Оңғар жырау шығармаларының стилі мен тілі бойынша) // Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің тарихы. Халықаралық ғылыми конференция материалдары (23 қазан, 2009). Жинақ. Алматы: Арна, 2009. 164-168 бб.

24 Мемлекеттік тілді меңгертудің әлеуметтік лингвистикалық өлшемдері мен жолдары // Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Жинақ. Астана, 2009. 48-50 бб.

25 Қостілділік – қоғамдық әлеуметтік қажеттілік // Қазақ тілін коммуникативтік, функционалдық бағытта зерттеу және оқытудың инновациялық технологиялары. Профессор Р.Әмірдің 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция (26-27 наурыз, 2010) Жинақ. Алматы: Арыс, 2010. 4-7 бб.

26 Қазақ тілі – түркі тілдерінің Ата тілі // Әлімсақ. №2 (11), 2010 жыл, ақпан. 14-15 бб.

27 Тілдер қарым-қатынасының теориясы: ана тілі, оған жақын түсініктер және біртілділік, қостілділік, көптілділік мәселелері // Мемлекеттік тіл және ономастика (Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді дамыту, ономастика мәселесіне қатысты мақалалар мен зерттеулер, тілдер туралы заңнамалық құжаттар жинағы). Қызылорда: Тұмар, 2010.82-88 бб.

28 Мемлекеттік тіл: мәні мен қызметі, әлеуметтік лингвистикалық мәселелері // Мемлекеттік тіл саясаты: жаңа кезең мен жаңа міндеттер. ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 14-15 қазан, 2010 жыл. Орал-2010. 32-37 бб.

29 Ана тілі және оған жақын аралас түсініктер // Тіл тірегі – сыр елі. Қызылорда, 2011. 77-81 бб.

30 Тіл дамытудың аймақтық жолы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының өзекті мәселелері. Халықаралық дөңгелек үстел материалдарының жинағы/жауапты редакторы М.Малбақов. - Алматы: Елтаным, 2012. 181-186 бб.

31 Алматы облысындағы этностар және олардың тілдерінің қызметтік жүктемелері // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының өзекті мәселелері. Халықаралық дөңгелек үстел материалдарының жинағы/жауапты редакторы М.Малбақов. - Алматы: Елтаным, 2012.189-195 бб.

32 Тіл меңгерудің А.Байтұрсынұлы ұсынған жолы және әлеуметтік лингвистикалық деңгейлері // Базар жырау республикалық әдеби, ғылыми-танымдық журнал. № 2 (6) 2013. 43-46 бб. (А.Ахметовамен бірлесіп жазылған).

33 Тілдің құқықтық мәртебелері және тіл саясаты // Қорқыт ата атындағы ҚМУ хабаршысы №1 (33) 2012.23-25 бб.

34 Тіл саясаты: тіл дамытудағы орны мен мәні // Тіл сақшысы №8 (9) 16-31 сәуір, 2013 жыл.

35 Тіл меңгерудің әлеуметтік лингвистикалық деңгейлері // MaterialyI IX Miedzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji «Naukowa mysi informacyjnej powieki – 2013». Voiume 16. Filologiczne nauki: Przemysl. Nauka I studia – 104 str.

36 Мемлекеттік тіл мәні мен қызметі, әлеуметтік лингвистикалық мәселелері // Materialy IX mezinarodni vedecko-prakticka conference «Veda a technologie: krok do budoucnosti – 2013». – Dil 17. Filologicke vedy Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o. – 104 stran.).

37 Алматы облысындағы этностар және олардың тілдерінің қызметтік жүктемелері // Республикасы Білім және ғылым минстрлігі ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты. Тілтаным. №1 (49). 2013.166-173 бб.

38 Тілдердің үштұғырлығы және тілдер қарым-қатынасының теориясы // С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы. Филологиялық серия. №1. 2013. 9-12 бб.

39 Ана тілі және оған жақын аралас түсініктер // С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы. Филологиялық серия. №1. 2013. 12-17 бб.

40 Қызылорда облысындағы тілдер: әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің хабаршысы. №4. 2013. 26-34 беттер.

Эссе, Естеліктер 1 Алпысқа келген ағам бар (проф. Ж.Сәдуақасұлының 60 жас мерейтойына арналған эссе.) // Ақмешіт апталығы. 10 наурыз, 2006.

2 Өсағаменің өз ағам (Өскен Көзбековті еске алуға арналға эссе) // Қапияда қиылған қамшы ғұмыр: естеліктер. Жиақ. --Қызылорда: Қорқыт ата атындағы ҚМУ, 2010. 45-47-бб.

Диссертация

1 Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу жолдары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. -Алматы, 1998. -150 бет.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208151 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194662 0




26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 127541 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика