КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Таңба таңдау - өркениет жолын таңдау" деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тариxи таңдау жасалды деп ойлаймыз», деп атап көрсетті «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ басқарма төрағасы Дарxан Қыдырәлі Мәжілісте өтіп жатқан «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау кезінде. «Жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді. Жадымызды жаңғыртып, тілге тәуелсіздік алып береді. Мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Әліппе - мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Бұл тұрғыда "таңба таңдау - өркениет жолын да таңдау" деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тариxи таңдау жасалды деп ойлаймыз", - деп атап көрсетті Дарxан Қыдырәлі. «Мысалы, Қазақстан, Казахстан және соның транскрипциясы негізінде Kazakhstan деп жазамыз. Латын қарпіне көшкен жағдайда мұны Qazaqstan деп тілдік ерекшелігімізді сақтай отырып, бір-ақ сөзбен жазуға мүмкіндік аламыз», - деп дәлел келтірді сөзіне ол. Оның айтуынша, әліппе алмастыру арқылы біз қосамжар орфографиядан құтылып қана қоймай, шет тілдерінен енген сөздерді де ұлттық ерекшеліктерге икемдей аламыз. Сондай-ақ, Латын қарпін қазақ емлесі арқылы қабылдау арқылы бұл мәселе бір ізге түспек. «Орфографиялық, орфоэпиялық тұтастық тілдік тұтастыққа бастайтынын ескерсек, бұл түрлі этностардың қазақша оқу арқылы тіл сындыруына, сөйтіп мемлекеттік тілдің төңірегіне топтасуына үлкен септігін тигізеді», - дейді «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ басқарма төрағасы. Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі қазірдің өзінде латын қарпі кеңінен қолданылып жүргенін айтты: «Қазірдің өзінде электронды ақпарат құралдарында латын қарпі кеңінен қолданылуда. Интернет, әлеуметтік желілерде бұған көшіп кеткендер аз емес. Бірақ олар латын әліппесін әртүрлі пайдалануда. Сондықтан білікті ғалымдар тарапынан мақұлданған жаңа әліппенің тезірек енуі бұл мәселені бір ізге түсіреді».   

Жезбұйда жастар қоғамдық бірлестігі жаңа әліпби жобасын көпшіліктің талқысына ұсынады.

       Қазақ «Біткен іске сыншы көп» дейді. Кеше Қазақстан Республикасы Парламеті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің біріңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта  парламенттік тыңдау өтті. Аталған тақырып аясында әр кім өз ойын айтып жатыр. Алайда, біз сынау мен мінеуден аулақпыз, «Кеңеспен пішкен тон келте болмас» деп аталған жобада сақталған бірнеше олқылықтар мен Жезбұйда Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұсынған жаңа латын әліпби жобасын да  оқырманның талқысына ұсынбақпыз.

        1. Жазудағы олқылықтар.

Жіңішке дауысты дыбыстардың жазылу шұбалаңдығы.

       Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жиілігі  жоғары, жіңішке дауысты дыбыстарды екі таңбамен таңбалау жазылуда да, оқылуда да өз қиындығын туғызады.

Мысалы: Aelem, oerken, uekimet.

Ң, Ғ әріптері қатар келетін сөздердегі жазу шұбалаңдығы.

      Мысалы: Аңғар, заңғар, жоңғар деген сөздерді Angghar, zangghar, zhonggar   деп жазу керек болады. Бұл жазудың көркемдігі мен бірге жазуда да біршама қиындықтар туғызады.

Жағдай деген сөз Zhaghdaj деп жазылады да жазу шұбалаңдығын туғызады. Жазу шұбалаңдығынан сақтану үшін мүмкіндігінше әріптерді бір таңбамен таңбалау керек.

                 2. Оқылудағы олқылықтар.

Қазақ тілінде нг қатар келетін сөздер де біршама көп. Мысалы: Күнгей деген сөз kuengej болып жазылады да оқылуда Күңей болып оқырман санасына сұрақ туғызады. Сол секілді сөнген, төнген, көнген, күнге, түнге  т.б   сөздерді де айтуға болады.

Назарларыңызға Жезбұйда Жастар Қоғамдық бірлестігі ұсынған латын әліпби жобасын ұсынамыз.

ҚАЗАҚ-ЛАТЫН ӘЛІППЕСІ ЖОБАСЫ

 

Жезбүйда Жастар Қоғамдық Бірлестігі Ұсынады

 

№           Латын таңбасы Дыбысталуы    №           Латын таңбасы Дыбысталуы

1             A a         А а          14           M m      М м

2             B b         Б б          15           N n         Н н

3             V v         В в          16           O o         О о

4             G g         Г г           17           P p         П п

5             X x          Ғ ғ           18           R r          Р р

6             D d         Д д         19           S s          С с

7             E e          Е е          20           T t           Т т

8             J j            Ж ж        21           F f           Ф ф

9             Z z          З з           22           W w       У у

10           Y y          Й й/И и 23           U u         Ұ ұ

11           K k          К к          24           C c          Ш ш

12           Q q         Қ қ          25           I  i           Ы ы

13           L l           Л л         26           `             

 №          Латын таңбасы Дыбысталуы    №           Латын таңбасы Дыбысталуы

1             А` a`       Ә ә         15           NH nh   Ң ң

2             O` o`      Ө ө         16           KH kh    X x

3             U` u`      Ү ү          17           TS ts      Ц ц

4             I` i`          I i             18           CH ch    Ч ч

    Бұл жоба-қазіргі Aғылшын тіліндегі қолданылып отырған 26 Латын әріптері мен тыныс белгілерді аясында қарастырылды. Әрқандай электронды теру жүйесінде еш кедергісіз төте теру көзделгендіктен, еш әріпке формалық озгеріс енгізілмеді, әрі, жазу шұбалаңдығынан сақтану үшін, барынша қосарламауға тырыстық. Бұл нұсқа Қазақ тілінің 28 төл дыбыстарын толығымен қамтумен бірге, шеттен еніп, тілімізге әбден орныққан кейбір кірме дыбыстарға мүмкіндік берілсе, мүлдем қажетсіз дыбыстар қалтырылды. Төменде, фонема таңбаларын дыбыс ерекшелігі бойынша бөліп көрсетіп, бұл нұсқаның басқа нұсқалардан өзгеше тұстарын атап көрсетіп, таңдаған таңбаларымызға қысқаша түсініктеме жасайтын боламыз.

Дауысты дыбыстар (саны 9)

Жіңішке дауыстылар   Жуан дауыстылар

a` (ә)     a (a)

o` (ө)     o ( o)

u` (ү)     u ( ұ)

i` (і)        i ( ы)

e (e/э) 

     Түсініктеме: жуан дауысты А, О, Ұ дыбыстары халқарадағы кеңінен қабылданған нұсқа бойынша қабылданса, олардың сәйкесті жіңішке дауыстылары Ә, Ө, Ү соңдарына апостраф белгісін (`) төте жазудағы дәйекше орнына жұмсау арқылы жасалды. Оны дәйекше деп атауға да болады. Microsoft Office жүйсінде төмен бағытталған апостраф белгісінің дұрыс жазылуы үшін дәйекшені жіңішке дауысты дыбыс таңбасының соңына қоиюды ұсындық. Дәйекшенің нақтылы қолданылу тәсілі мақала соңына қарай тәптештей түсіндірілетін болады.

Көп санды латын қарпын қолданушылар Ы дыбысы үшін << y >> таңбасын пайдалануды әдетке айналдырған. Алайда, қазақ тіліндегі Ы дыбысының қолданылу жиілігі И дыбысынан жоғары болғандықтан, << y >> таңбасын жиі қайталап жазу әурешілік тудырумен қатар жазу көркіне де нашар ықпал ететіндіктен, жазуға біршама ықшам болған << i >> таңбасы алынды. << y >> таңбасы қолданысы сиректеу болған И дыбысына берілді. Ы дыбысының сәйкесті жіңішке түрі I дыбысы << i >> таңбасына дәйекше қоию арқылы жасалды.

Жартылай дауысты дыбыстар (саны 2)

w (у)

y (и/й)

 

Түсініктеме: Бұлар басқа дауысты дыбыстармен бір буында келсе дауыссыз, ал, ұқсас бір буында басқа дауысты болмаса дауысты дыбыс болып қолданылады. Мысалы:

Oy-ой

Toy-той

Taw-тау

Baw-бау

Бұл сөздерде У және И дыбыстары дауыссыз ;

Qyin-қиын

Tyim-тыйым

Sw-су

Qw-қу

 

Бұл сөздерде У және И дыбыстары дауысты.

Дауыссыз дыбыстар (саны 17)

Үнді       Ұяң        Қатаң

mм             bб p (п)

nн dд tт

nhң             gг kк

lл xғ qқ

rр zз sс

jж cш

Түсініктеме: Ң дыбысын << ng >> деп қосарламаудағы себеп, << n >> және << g >> таңбалары жеке-жеке Н жәнеГдыбыстарын бейнелейді де, қазақ тіліндегі -нг- болып келетін дыбыс тіркестерін ң деп оқудай шатасулар туылуы мүмкін. Мысалы, күнгей (kungey), сөнген (songen), көнген (kongen), төнген (tongen), күнге (kunge), түнге (tunge), жүнге (junge) …;

 

Жоғарыдағымен қоса Ғ дыбсы кей нұсқаларда қос таңбамен берілуде. Алайда, бұл жазу шұбалаңдығы мен оқу қйындығын тудырады. Әсіресе, жоңғар (jongghar), аңғар (angghar), заңғар (zangghar), даңғыр-дұңғыр (dangghir-dunggher), сыңғыр-сыңғыр (singgher-singgher) секілді Ң дыбысымен Ғ дыбысы қатар келетін сөздерде. Сондықтан Ғ дыбысын барынша қосарламауға тырыстық.

Таза қазақы дыбыстарды барынша қосарламау үшін, Ш дыбысына қосарланған << sh >> таңбасын бермедік. Есесіне, 1924-жылы Төреқұлов ұсынған латын әліппесі нұсқасы бойынша Ш дыбыс  << c >>  таңбасымен Бекітілді.

 

Дәйекшені қолдану тәсілі Ахымет Байтұрсынұлы ұсынған тәсілмен негізінен бірдей:

 

Қазақ тілі буын үндестігі заңдылығына сәйкес, көп буынды сөз жуан болып басталса қалған буындары да түгелдей жуан, жіңішке басталса қалған буындары да түгелдей жіңішке болудай ерекшелігіне сай, дәйекше тек бірінші буындағы жіңішке дыбысқа қойылады да, соңындағы жіңішке дауысты дыбыстар табиғи түрде жіңішке оқыла береді. Мысалы:

Әмір-a`mir;

Өмір-o`mir;

Жүзім-ju`zim;

Білім-bi`lim;

 

Құрамында Г, К, Е дыбыстары бар сөздерге дәйекше қойылмайды да, ондағы дауысты дыбыстар тікелей жіңішке болып оқылады. . Мысалы:

Әке-ake;

Көке-koke;

Үйрек-uyrek;

Ілгек-ilgek.

 

Құрамында Г, К, Е дыбыстары бар, бірақ жуан буын араласып келген шеттен, әсіресе Орс тілінен енген сөздер әуелгі нұсқа бойынша қабылданады. Г, К, Е дыбыстары сөз ішіндегі басқа жуан дауысты дыбыстардың жуан болып оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: strategya

Оқылуы: стратегия (стрәтәгиә емес);

Жазылуы: ekologya

Оқылуы: eкология (eкөлөгиә емес).

 

Жуан-жіңішке буын араласып келіп, буын үндестігі сақталмаған кейбір туынды сөздер, біріккен сөздер мен біріккен жер-су, кісі аттарын жазуда және оқуда, бірігудің алдында қалай жазылып, қалай оқылатын болса, біріккеннен кейін де сол қалпында жазылып, сол қалпында оқылады. Жіңішке буынды бөлек жуан буынды бөлектің оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: Asan+a`li= Asana`li

Оқылуы: Асанәлі (Әсәнәлi емес);

Жазылуы: A`lim+jan= A`limjan

Оқылуы: Әлімжан (Әлімжән емес);

Жазылуы: oner+paz=onerpaz

Оқылуы: өнерпаз (өнерпәз емес);

Жазылуы: Ala+kol=Alakol

Оқылуы: Aлакөл (Әләкөл емес).

 

Aрaб-Парсы тілінен кірген, буын үндестігі сақталмаған аз санды сөздерді жазуда жоғарғы ережелер сақталады. Алайда, тілімізге сіңген оқылу мәнерімен оқылады, әрі құрамында Қ дыбысы бар буын қашанда жуан оқылады. Жыңышке буынды бөлек жуан буынды бөлектің оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: rakhmet

Оқылуы: рахмет (рәхмет емес);

Жазылуы: qurmet

Оқылуы: құрмет (қүрмет емес);

Жазылуы: qate

Оқылуы: қате (қәте емес).

 

Жуан буынды сөздерге жалғанған көмектес септік жалғаулары өздерінің алдындағы сөздің жуан оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: mal+men=malmen

Оқылуы: малмен (мәлмен емес) ;

 

Жазылуы: ot+pen=otpen

Оқылуы: отпен (өтпен емес);

 

(Егер өтпен деп жазу керек болса е дыбысына Қарамастан дәйекше қоиюға болады. Яғни, o`tpen ).

 

Жазылуы: murt+pen= murtpen

Оқылуы: мұртпен (мүртпен емес);

Жазылуы: xilim+men=xilimmen

Оқылуы: ғылыммен (ғіліммен емес).

 Кірме дыбыстар (саны 5)

Араб-Парсы, сондай-ақ, Орс тілінен еніп, әбден орныққан шінара дыбыстарға мүмкіндік берілді. Қажетсіз деп тапқан жағдайда, бұл таңбаларды алфавиттен алып тастауға да болады.

 

khх              fф

tsц              chч

vв

Сонымен, бұл Aлфавит 9 дауысты, 2 жартылай дауысты, 17 дауыссз, 5 кірме, жиыны 33 дыбысты бейнелейтін 26 таңба мен 1 белгіден тұрады.

Латын- Қазақ әліппесіне мысал:

Jasimda xilim bar dep eskermedim,

Paydasin kore tura teksermedim,

Erjetken sonh tuspedi wisima,

Qolimdi mezgilinen kec sermedim.

Abay Qunanbayuli

Bir Allaxa syinip,

Kel, balalar, oqiliq,

Oqixandi konhilge,

Iqilaspen toqiliq.

Ibiray Altinsaryn

Ata zanhimiz- Konstytwtsya elimizdinh, memleketimizdinh altin dinhggegi. Qzaqstan azamattarininh kundelikti omirdegi arqa suyeytin tiregi, omirdegi baxitin korsetetin baxdarcami; bizdinh qoxamdaxi neninh jaqsi, neninh jaman ekenin, neninh duris, neninh buris ekenin korsetip turxan ar-ojdan, uyat-namis, quqiqtiq-adamdiq tarazi.

Nuxman Aralbay, byologya xilimdarininh doktori, professor

(Ата заңымыз – Конституция еліміздің, мемлекетіміздің алтын діңгегі. Қазақстан азаматтарының күнделікті өміріндегі арқа сүйейтін тірегі, өмірдегі бағытын көрсететін бағдаршамы; біздің қоғамдағы ненің жақсы, ненің жаман екенін, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көрсетіп тұрған ар-ождан, ұят-намыс, құқықтық-адамилық таразы.

 

Нұғман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 211022 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 201069 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 188111 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика