THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Мамырбекова Гүлфар Мәжитқызы 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Филология ғылымдарының кандидаты. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 2004 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді.
Өмірбаяны
2001-2006 жылдар аралығында «XVIII-XIX ғ.ғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта диссертация қорғаған. 2006-2008 жылдарға арналған “Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде негізгі даму үрдістері мен бағыттары” атты іргелі зерттеу бағдарламасының “Ортағасырлық қыпшақ және қазіргі қазақ тілдерінің тарихи сабақтастығы” атты тақырып бойынша жоспарлы жұмыс жасады. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша құрастырылған он бес томдық түсіндірме сөздіктегі араб, парсы элементтерін анықтап, фонетикалық жағынан өзгеріске ұшырап меңгерілген кірме сөздердің түпнұсқадағы тұлғасын саралау жұмысына қатысты. Ұлттық идея бағдарламасы бойынша 2007-2009 жылдарға арналған «Қазақ тілінің түсіндірмелі үйренім сөздігі – мемлекеттік тілдің этномәдени негіздерін меңгерудің тиімді құралы» атты тақырыптағы ғылыми жұмысқа қатысты. 2014 жылы «Ғылыми қазына» бағдарламасының «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша Н.Сауранбаевқа қатысты жарыққа шыққан ғұмырнамалық еңбектің жауапты шығарушысы болды. 2012-2014 жылдары «Ескі қазақ жазба тілін рухани-мәдени құндылықтар ретінде танудың лингвистикалық негіздері» және «Түркі жазба ескерткіштері мен ауыз әдебиеті нұсқаларындағы тілдік бірегейлік (лингвотекстологиялық зерттеу)» атты ғылыми жобалардың тақырып жетекшісі болды. 2011 жылдан бері қарай - ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Тіл тарихы және диалектология» бөлімінің меңгерушісі. Бұған қоса 2006 жылдан «Қайнар» университетінде магистранттарға дәріс беріп келеді. 2011-2012 жылдары «Тұран» университетінде аға оқытушылық қызметтерін атқарған. Айналысатын негізгі бағыты тіл тарихы саласы. Қазақ тілі тарихи сөздік қорын жинақтау, жекелеген жазба ескерткіштер тілінің сөздігін жасау, қазақ тілі тарихи сөздік қорының негізгі құрамын құрайтын байырғы түркілік лексикалық құрамды саралау, кірме сөздерді айқындау, ескерткіштердің графикалық-орфографиялық ерекшелігін қарастыру, транскрипция, текстология және ескі қазақ жазба тілінің құрылымдық жүйесін анықтау мәселелерімен шұғылданады.
Өзекті мақалалары:
1. Ескі қазақ тілінің жазба нұсқалары. –Алматы: Шапағат-нұр, 2012 ж. -360 б.
2. Қазақ тілі. Бастауыш деңгейге арналған дәрістер курсы. –Алматы: Тұран, 2012 ж. -135 б.
3. Қазақ тілі (Бастауыш деңгейге арналған). –Алматы: Издательство LEM, 2013 ж. -144 б.
4. Қазақ тілі (Жалғастырушы деңгейге арналған). –Алматы: Издательство LEM, 2013 ж. -164 б.
5. Қазақ тілі (Тереңдетілген деңгейге арналған). –Алматы: Издательство LE, 2013 ж. -176 б.
6. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2014 ж., -654 б.
Еңбектерінің тізімі:
1. Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің XVІІІ–ХІХ ғғ. араб жазулы ескерткіштердегі таңбалану ерекшеліктері // Тілтаным. №3, 2001 ж.
2. Қазақ тілі дауыссыздар жүйесінің XVІІІ–ХІХ ғғ. араб жазулы ескерткіштердегі таңбалану ерекшеліктері // Тілтаным. №4, 2001 ж.
3. XVІІІ–ХІХ ғғ. араб жазулы ескерткіштеріндегі харакаттардың берілуі // ҚР ҰҒА Хабаршысы, Филология сериясы. №3, 2002 ж.
4. XVІІІ–ХІХ ғғ. араб жазулы ескерткіштердегі жалғау және шылаулардың таңбалануы // Профессор М.Балақаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ҚазҰУ Хабаршысы, Филология сериясы. №9, 2002 ж.
5. XVІІІ-ХІХ ғ.ғ. араб жазулы ескерткіштердің орфографиялық ерекшеліктері // «Актуальные проблемы и перспективы совершенствования принципов демократического развития государства и общества» Межд. научно-прак. конф. посвященная 90 летию Д.А.Кунаева. –Алматы, 2002 ж.
6. «Түркістан уалаяты» газетіндегі харкаттардың берілуі // Тілтаным. №3, 2004 ж.
7. Араб жазуымен басылып шыққан кейбір кітаптардың таңбалану ерекшеліктері // «Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықарлық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы, 2005 ж.
8. Араб жазуының қазақ жазбаларындағы қадим жүйесі // ҚР ҰҒА Хабаршысы, Филология сериясы. № 5-6, 2005 ж.
9. «Түркі шежіресінің» лексикалық сипаты // ҚР ҰҒА Хабарлары. Фил. сериясы. №6, 2006 ж.
10. «Түркі шежіресінің» графикалық сипаты // Ғалым Ө.Айтбаевтың 70-жылд. мерейт. арналған: «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» ат.ғыл.конф. -Алматы, 2007 ж.
11. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі сөзжасамның синтетикалық тәсілі // Профессор Т.Жанұзақовтың 80 жылд. арн.хал. ғылыми-теор. конф. 2007 ж.
12. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі сөзжасамның аналитикалық тәсілі // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. №2, 2007 ж.
13. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі еліктеуіш сөздер // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. №5, 2007 ж.
14. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі // І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымд. «Түркітану мен қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты ғыл.конф. 2007 ж.
15. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі одағайлар // ҚР ҰҒА Хабаршысы, филология сериясы. № 6, 2007 ж.
16. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі орфографиялық принциптер // ҚР ҰҒА Хабаршысы. Филология сериясы. №1, 2008 ж.
17. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі есімдіктердің берілуі // Тілтаным, №3, 2008 ж.
18. «Түркі шежіресінің» тұрпат межесі // “Тіл білімінің бүгіні мен болашағы” атты халықаралық-ғылыми конференция. КазГУ. 2008 ж
19. «Түркі шежіресіндегі» қалып етістіктерінің берілу ерекшеліктері // Хабаршы №6, 2008 ж.
20. «Түркі шежіресіндегі» тұрақты және бейнелі сөз тіркестері // Ғалым Б.Қалиевтың мерейтойына арналған ғыл.конференция. Әлем тілдері университеті. 2008 ж.
21. Ескі қазақ жазба тілі: графикасы мен орфографиясы // “Түркітану ғылымының бүгіні мен болашағы” атты халықаралық ғылыми конференция. –Астана, 2008 ж.
22. Ескі қазақ жазба тілінің қоғамдық қызметі // Тілтаным. №4, 2008 ж.
23. «Тілүйренім сөздігіндегі» сөз тіркестерінің лексикографиялануы // ҰҒА Хабаршысы №5, 2008
24. «Тілүйренім сөздігінің» мемлекеттік тілді меңгертудегі маңызы // Туған тіл. №4, 2009 ж.
25. Сөздің тіркесімдік қабілетінің «Тілүйренім сөздігінде» берілуі // Тілтаным, №4, 2009 ж.
26. «Түркі шежіресіндегі» сын есімдер сөзжасамы // ҚР ҰҒА Хабаршы, Филология сериясы, №2, 2009 ж.
27. Ескі қазақ жазба тілі мен “Хұсрау уа Шырын” поэмасындағы лексикалық сабақтастық // Тілтаным №1, 2009 ж.
28. Ескі қазақ жазба үлгілері мен көне түркі ескерткіштеріндегі лексикалық сабақтастық // Ғалым Б.Сағындықұлының 70-жылдық мерейтойына арналған «Түркі әлемі: тіл, мәдениет, қоғам” атты хал.ғылыми-теориялық конф. матер. – Алматы, 2009 ж.
29. Ескі қазақ жазба үлгілері мен ортағасыр ескерткіштерінің лексикалық сабақтастығы // Тілтаным №2, 2009 ж.
30. Ескі және қазіргі қазақ тілі арасындағы тарихи түбірлер сабақтастығы // Ғалым Р.Сыздықтың 85-жылдығына орай ұйымдастырылған «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі» атты хал.ғыл.-теориялық конф. -Алматы, 2009 ж.
31. Ескі қазақ жазба тілінің бір тармағы – эпистолярлық стиль // Ғалым Ә.Қайдардың 85 жылд. арн. «Тіл және этнос» атты хал.ғыл.конференция. 2009 ж.
32. Ескі қазақ жазба тіліндегі қос сөздер семантикасы // Ғалым Қ.Жұбановтың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009 ж.
33. «Түркі шежіресінің» мазмұн межесі // “Қазақ диаспорасының бүгіні мен болашағы” атты хал.ғыл. конф. –Моңғолия, Баян Өлгей. 2009 ж.
34. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ескі қазақ тіліне тән бірліктер // Жазушы Ә.Кекілбаевтың 70-жылдығына арн. хал.ғыл-теор. конф. – Ақтау, 2010 ж.
35. XVІ ғ. ескерткіштері ескі қазақ жазба тілінің алғашқы нұсқалары // «Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературе». Сборник выпуск ХХ. –Ташкент, 2010 г.
36. Арабские и персидские элементы относящиеся к религии в трудах Машһура Жусипа Копейулы // «Место и роль духовной литературы в современном обществе» атты хал. ғыл.-теориялық конф. –Дагистан, 2010 ж.
37. Халық тілі элементтерінің ескі жазба тілге ену үрдісі // Ғалым Ж.Манкееваның 60-жылд.арн. «Тіл және мәдениет» атты ғыл.-теор. конф. – Алматы, 2010 ж.
38. Дәстүрлі жазу нормасының ескі жазба тілде өзгеріске ұшырауы // Ғалым Н.Сауранбаевтың 100 жылд.арнал. «Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты хал. ғыл. теор.конф. – Алматы, 2010 ж.
39. Ескі қазақ жазба тілі туралы түсінік // “Түркология” журналы, №3-4. –Түркістан, 2010 ж.
40. «Түркі шежіресіндегі» зат есімдер сөзжасамы // Ғалым Талиповтың мерейтойына арналған «Восточный Туркестан в цивилизационных процессах центральной Азии» атты конф. 2010 ж.
41. Ескі қазақ жазба тіліндегі инвариант принципі // Тілтаным, №1-2, 2011 ж.
42. М.Жүсіп және ескі қазақ жазба тілі // Ә.Құрышжановтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымд. ғыл.-теор. конф. – Алматы, 2011 ж.
43. Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиіне (алфавитіне) жүз жыл // Ана тілі, 12 қыркүйек, 2012 ж.
44. Қазақ тілінің «Тарихи сөздігін» құрастырудың қажеттілігі // Тілтаным, № 2, 2012 ж.
45. XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің функционалдық стилдері // Ғалым З.Базарбаеваның 60 жылд.мерейт.арн: «Фонетика ғылымдарының өзекті мәселелері: даму көздері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф. Алматы, 2012 ж.
46. XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ресми стилдің ішкі тармақтары // Ғалым А.Жұбановтың 70 жылд. мерейт.арн: «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты хал. ғыл.-теор. конф. −Алматы 2012 ж.
47. Лексические преемственности в письменных памятниках «Диуани лугат ит-тюрк» Махмуда Кашгари и «Шаджара тюрк» Абулгази Баһадур хана // III Международной научной конференции: «Applied Sciences in Europe: tendencies of contemporary development». -Германия, г. Штутгарт, 22 июня, 2013 г.
48. Понятие шагатайского и книжного языка в казахском языкознании // І международный научно-практически конференция «Наука вчера, сегодня, завтра». -Новосибирск, 26 июня, 2013 г.
49. Concept and shagatayskogo literary language in the kazakh linguistics // Научный журнал «European Applied Sciences», -Германия, №5, 2013 г.
50. Теоретическая цель и задачи современной казахской лингвотекстологии // Научный журнал «European Applied Sciences», -Германия, №6, 2013 г.
51. Қазақ тіл біліміндегі лингвотекстология мәселесі // «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер бірлігі» атты V халықаралық түркология конгресс. -Түркістан, 19-20 сәуір, 2013 ж.
52. Араб жазуынан транскрипция жасаудың негізгі принциптері // Тілтаным, №3, 2013 ж.
53. Академик Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев тағылымы // Тілтаным, №4, 2013 ж.
54. Академик Н.Сауранбаевтың диалектологиялық зерттеулері // Ана тілі, 13-19 ақпан, 2014 ж.
55. Ескі қазақ жазбаларындағы мифологиялық таным // ҚР ҰҒА Хабаршысы. №6, 2014.
56. Кірме сөздер сөздігін құрастыру – тарихи сөздік қорымызды байытудың алғышарты // Тілтаным, №1 2015 ж.
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ