КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өмірзақ Айтбаев Айтбайұлы (5.4.1936 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылы) – филологиясы ғылыми докторы (1992), Қазақстан Ғылымдар Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылыми (1997) академиясының академигі ҚазМУ-дың (1959, қазіргі ҚазҰУ) филологиясы факультетін бітірген. ҚР Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1962–89). «Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті болып сайланды (1989). 1999 жылдан «Қайнар» университетінің филологиясы факультетінің деканы. [1    Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы. «Құрмет» (1998), «Парасат» (2007) ордендері және медальдармен марапатталған. [2]

                                                                                Өмірбаяны

 Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев 1936 жылы сәуір айының 5 –і күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл (бұрынғы Түркістан ауданына қараған) селосында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 1943 жылы осы ауданның Қарғалы колхозында аттайды. 1953 жылы аудан орталығы Шәуілдірдегі Жамбыл орта мектебін бітіреді.Ол өмір жолын 1953 жылы Кентау қаласындағы Мырғалымсай «Сантехмонтаж» мекемесінде темір шебері болып бастайды. 1954-59жылдары әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М.Киров атындағы) КазМҰУ-дің филология факультетінің студенті болады. Студенттік жылдардың өзінде ғылыми, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұйымдастырушы ретінде көзге түседі. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, қазақтың ән-би сауық кештерін ұйымдастырып, оған бүкіл қала жастарын тартады. Сол жылдары ол ән шығарумен де әуестенеді. Оның кейбір әндері республикалық газеттерде («Лениншіл жас»)жарияланған. Ө.Айтбайұлы университетті бітіретін жылы, яғни 1959 жылдың шілдесінен республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болып қызметке тұрады да, онда 1962 жылдың сәуіріне дейін істейді де, осы жылдары ол қаламын шыңдай түседі. 1962 жылдың көктемінде Қазақ ССР ҒА Тіл білімі институтына кіші ғылыми қызметкер болып ауысады. Міне, осыдан бастап ол ғылыми жұмыстармен түбегейлі айналысады. Көрнекті тіл мамандары М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Ш.Сарыбаев, әйгілі аудармашы ғалымдар С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиевтің ақыл-кеңесінің негізінде Ө.Айтбайұлы тіл білімі мен аударма ғылымының мәселелерімен шұғылданады,ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап, ғылыми ортада таныла бастайды. 1971 жылы «М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тіліне берілу жолдары» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Бұл саланың нақты проблемалары жүйелі түрде ғылыми зерттеу объектісіне, әсіресе лингвистикалық талдама тұрғысынан бұған дейін сөз болмай келген еді. Диссертациялық жұмыс өзінің осы тұрғыдағы байыпты барлаулары, батыл тұжырымдарымен ғылыми жұртшылыққа ой салды.Бұл жылдары ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қоса СССР Журналистер одағының мүшесі ретінде журналистік қызметін де қатар алып жүреді. Қазақ қауымының өмірі, әлеуметтік болмыс-бітімі,қазақ өнері мен әдебиетінің келелі мәселелері, өнер адамдарының тағдырлары, ауылшаруашылығындағы еңбеккерлерінің тұрмыс жайы т.б.туралы очерк, новеллалар жазуын жалғастырды. 1975 жылы Ө.Айтбайұлының «Ғылым» баспасынан «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» деп аталатын монографиялық зерттеу еңбегі жарық көрді. Аударма проблемасының күрделі мәселелерін қарастыратын бұл еңбек кезінде баспасөзде автордың келелі табысы ретінде бағаланады. Шынында аталмыш еңбек қазақ аударма ғылымының қалыптасуына қосылған елеулі үлестің бірі болды.Ө.Айтбайұлы күнделікті нақты ізденістердің нәтижесінде кіші ғылыми қызметкерден ғылымның жетекші маманы, ұйымдастырушысы ретінде өсіп жетілді. 1974 жылдан 1981жылға дейін аға ғылыми қызметкер, ал 1981жылдан 1989 жылға дейін Терминология мен аударма теориясы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Оның ғылыми-зерттеушілік, ғылымды ұйымдастырушылық қабілеті осы жылдары айқынырақ көрінеді. Өзекті мәселе – қазақ терминологиясы туралы зерттеу жұмыстары мен проблемалық тақырыптағы жетекші болып, жас мамандардың жетілуіне қолғабыс жасады. Бұл жылдары Өмірзақ Айтбайұлының басшылығымен және қатысуымен бірнеше ұжымдық кітап (Тіл мәдениеті және баспасөз. Алматы: Ғылым, 1968. 10 б.т.; Өрелі өнер. Алматы, 1976. 8 б.т.; Сөз өнері. Алматы: Ғылым, 1978. 7 б.т.; «Ұлт саясатын бұрмалаушылар». Алматы: Ғылым, 1981; Қазақ терминологиясының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986.10 б.т.; Аударманың лексика-стилистикалық мәселері. Алматы: Ғылым, 1987. 10б.т.; Термин және олардың аудармалары. Алматы: Ғылым, 1990.12 б.т.) баспадан жарық көрді.

Ө.Айтбайұлы бұл жылдары қазақ терминологиясы мен аударма саласында жан-жақты ізденістер жасаумен болады. Ол осы қиын да күрдлі ғылыми мәселелерге қатысты әлемдік ғылыми ой-пікірлерді сүзіп шығып, қазақ тілінің өз табиғатына тән заңдылықтарға тереңдейді. Бұл жөніндегі өзінің байқау, болжамдарын мақала түрінде республикалық, одақтық басылымдарда жариялап, ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама жасайды.Қазақ тіл білімінің түйінді мәселеріне, әсіресе терминология, тіл мәдениеті, аудармаға байланысты жасаған баяндамалары өзінің дәйектілігімен, ойлылығымен ғылыми жұртшылыққа аян. Баяндамалардың жалпы саны 50-ден асады. Оның біразы халықаралық, одақтық, республикалық конфиренцияларда жасалған баяндамалар. Ғылыми баяндамалар ішінен мыналарды атап өтуге болады: «Термин жасаудың кейбір модельдері» (Этимологтардың республикалық кеңесі. Алматы, 1984), «Аударма және ғылым тілі» (Аудармашылардың республикалық кеңесі. Алматы, 1989), «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі» (Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. Алматы, 1990), «Тіл мәдениетінің кейбір өзекті мәселері»(Түркологтардың бүкілодақтық съезі. Ташкент, 1980), «Диалектные явления и вопросы перевода» (1973), «Становление и развитие переводческого дела в Казахстане» (Караганда,1981), «Түркі тілдерінің терминдерін бірегейлестіру мәселесі» (Стамбул,1995), «Тіл мәдениеті және терминология» (Пекин, 1993), «Ахметтану тағлымы» (Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы атты республикалық ғылыми-теориялық конференция. Астана,1998); «Проф.Қ.Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясының кейбір мәселелері» (Қ.Жұбановтың 100жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Астана, 1999); «Көркем тілдің бір кілті – мақал-мәтелде» («Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2003), «Аударма ісіндегі сөзжасам тәжірибсі... («Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2001). «Қазақ терминологиясын зерттеудегі бағыттар мен кезеңдер» («Мемлекеттік тілдің ахуалы, прблемалары және оны шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы. Өскемен, 2006), т.б.Бөлім меңгерушісі ретінде «Қазақ терминологиясының жасалу көздері»(1981-84) және «Қазақ әдеби терминологиялық лексикасының дамуы» (1985-91), «Мемлекеттік тілде ғылыми терминолдогияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелері» (1997-99) деген күрделі тақырыптарға жеткшілік жасады. Аталған тақырыптар негізінен қазақ терминологиясының мәселелеріне арналғандықтан, Ө.Айтбайұлы жетекшілік еткен ғылыми қызметкерлер, ең алдымен, бөлімнің картотекалық қорын жасауға кірісті. Бұл айтуға жеңіл болғанымен орындалуы қиын жұмыс. Өйткені сол 1980-жылдарға дейін жарық көріп үлгерген екі тілді терминологиялық сөздіктердің бәрін жинақтап, әліпби тәртібіне келтіру қажет болатын. Бөлім қызметкерлері меңгерушіден бастап түгел картотека қорын толық қамтып, молайтумен айналысты. Бірнеше жылға созылған бұл күрделі жұмыс бөлімнің 500мыңға таяу картотекалық қорының негізін салды. Өз жалғасын тапқан бұл жұмыс осы заман сұранысына орай, М.Әуезов атындағы Шымкент пединститутының профессоры Қ.Бектаев тобымен өзара шартқа отырып, әлгі сөздіктер лек-легімен электронды есептеу машинасының сарабынан өткізілді. Ғылымның ірі-ірі саласы бойынша жасалған бұл материалдар болашақта түзілетін түрлі сөздіктерге негіз болды, өзінің зерттеушілері мен сөздік түзушілерін тапты. Олар: қоғамдық ғылымдар саласы, биология ғылымдары, физика-математика ғылымдары, жер туралы ғылым мен техника ғылымдарының саласы. Бұл түркі дүниесінде тұңғыш жасалған картотекалық қор. Мұның ішінен бөлім қызметкерлері қазіргі сұранысқа ең қажеттірегі деп «Қоғамдық ғылымдар терминдерінің орысша-қазақша сөздігінің» екі томдығын түзіп шықты. Бұл бөлім атқарған ең күрделі жұмыстардың бірі Ө.Айтбайұлы осы сөздікті жасаушылардың бірі, жетекшісі, әрі бұл жобаның жауапты редакторы. Бұл сөздік бірнеше рет толықтырылып, өңделіп, сұрыпталып, баспа жүзін көрді (2010).

Ө.Айтбайұлы өзінің түбегейлі ізденістері мен зерттеу ісін тұжырымдап, қазақ лингвистикасының тарихында тұңғыш рет қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы жайында көлемді де іргелі еңбек жазды. Ол 1988жылы «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» деген атпен «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Бұл еңбек туралы кезінде баспасөзде бірнеше рецензия жазылып, ғалымдар жоғары баға берді. Ө.Айтбайұлының ғылыми ой-тұжырымдары аталған салалармен ғана шектлген емес. Тіл мәдениеті, стилистика, лексикология, ономастика, диалектология, әдеби тіл, әдебиет, мәдениет, мемлекеттік тіл, аударма, қазақ терминологиясы мен аудармасының мәселелері туралы көп жылғы барлау, байқау, ізденістер негізінде 1992 жылдың басында «Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ө.Айтбайұлының бұл диссертациялық жұмысы тың мәселені қозғап, жаңалықтар алып келді. Ең алдымен, бұған дйін ғылым объектісіне айнала алмай, тарихымызда жұмбақ болып келген арыстарымыз – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының мұралары мен еңбектері тұңғыш рет тілдік тұрғыдан талданып, лайықты бағасын алды. Әсіресе, А.Байтұрсынұлының қазақ лингвистикасын дамытудағы, оның ішінде қазақ терминологиясын жасаудағы өлшеусіз зор рөлі жан-жақты зерделенді. Өмірзақ Айтбайұлы бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті (бұрынғы Министрлер Советі) жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, ғалым хатшысы ретінде де зор жұмыстар атқарды. Ғылымның түрлі саласында пайда болып, ала-құла қолданылып жүрген терминдердің бір ізге түсуіне, ғылыми тұрғыдан зерттелуіне атсалысты. Биология, физиология, химия, физика, математика, теміржол, музыка, спорт, компьютер саласына қатысты терминдерді, сөздіктерді рет-ретімен Мемтерминком талқысына салып, жұртшылыққа ұсынуда оның үлесі мол. Әсіресе Мемтерминкомның осы заман сұранысына лайықты ережесін қайта жазып, құрылымын нақтылай түсуде де Ө.Айтбайұлы іс-әрекетімен тікелей байланысты. Сонымен бірге ол Тіл білімі институты жанындағы ғылыми дәреже беретін ғылыми Кеңестің көп жылдан бергі мүшесі ретінде ғылымның жас мамандарының өсіп, жетілуіне қолғабыс етіп келеді. Бұрынғы Одақтағы түркі тілдес халықтар ғалымдарын дайындауда бұл Кеңестің рөлі айрықша. Уақытысында көптегн кандидаттық және докторлық диссертациялар осы Кеңес сарабынан өтіп, өмірге жолдама алды. Ғылымды ұйымдастыру қарымының үстіне Ө.Айтбайұлының қайраткерлік қабілетінің айқын көрінген тұсы «Қазақ тілі» қоғамындағы жұмыстарға тікелей байланысты. Бұл жұмыс, әрине, әріден басталған. Ана тіліне саналы өмірін сарп етіп келе жатқан Ө.Айтбайұлы 80-жылдың басынан-ақ тіліміздің әлеуметтік болмысын, қоғамдық қызметін айқындап, оның беделін көтеру үшін, соған иелік жасайтын бір ұйым керек деген Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың бастамасын бірден қолдайды. Тіл жөніндегі толғаныстар оған қолына қаламды ғана емес, домбыраны да ұстатып, көмекейін әуен кеулей бастайды. Сөйтіп қоғам құрылмастан аттай 1жыл бұрын «Ана тілі» дейтін ән дүниеге келеді. Осы әнді орындай отырып, ол қазақ радиосы арқылы жарты жылға таяу уақыт қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру қажеттілігі жайында хабар жүргізді. Сөйтіп бұл ән болашақ «Қазақ тілі» қоғамының өз әнұранындай болып, көп көңілінде жатталды. Әсіресе, 1988 жылы басталып, 1989 жылы қаулай бастаған тіл күресінің ол басы-қасында болды. Бүкіл жұртшылық қолдаған бұл шерудің түйіні 1989 жылдың 20-21 қазанында шешілді. Сөйтіп тұңғыш Құрылтайда Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Онда делегаттар бір ауыздан Қоғамның президенті етіп Ә.Т.Қайдаровты, вице-президенті Ө.Айтбайұлын сайлады. 2004жылдың 11 қарашасында ол Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды. 1998 ж. ҚР Орталық сайлау комиссиясы құрған лингвистикалық комиссияның мүшесі 2005 ж. төрағасы ретінде ҚР Президенттігіне үміткерлерден әуелі 18 адам, кейін (8 адам) емтихан қабылдады. Ө.Айтбайұлы ғылыми ізденістер нәтижесін практикалық тәжірибемен ұластырып, ұстаздық өнеге танытып жүрген ғалым. 1980-жылдардың басынан Қарағанды, Шымкент, Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында мемлекеттік емтихан төрағасы ретінде және дәріс оқу арқылы тіл мамандарын, жалпы филологтарды дайындауға үлкен үлес қосып келеді. Ол 1994-95 жылдары Алматы Қыздар пединститутының, ал 1996-97 жылдары Қ.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры ретінде дәріс берді. 1998 оқу жылынан «Қайнар» университеті филология факультетінің деканы, профессоры. Академик 1996 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы медалінің, 1998жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері болды. 2001жылы Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2004жылы ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ ол 1997жылы Президент жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. Осы жылы Экология халық акадмигі болып, ал 1998жылы ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.

 Осы кездің бәрінде Ө.Айтбайұлы қоғам қайраткерлері ретінде әрдайым тіл мен діл жолындағы зиялы қауым ұмтылыстарының көшбасшыларының бірі болып келеді. Ол академик Ә.Қайдармен бірге Қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналуына қажетті шаралардың бәріне қатысады. Мемлкеттік Бағдарламаның түзілуіне, Қоғам Жарғысы мен Бағдарламасын дайындауға белсене ат салысты. Ең бастысы Қоғамның жергілікті ұйымдарын құрып, оған іскер мамандар таңдауға және олардың күнделікті жұмыс бағдарын айқындауда Ө.Айтбайұлының еңбегі ерекше. Ол облыстық, қалалық, аудандық ұйымдардың тұңғыш жиындарының көбіне тікелей өзі қатысып, Қоғам атқаратын жұмыстар мен міндттерін түсіндіріп, оның халықтық мәнін насихаттаумен болды. Осындай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде Қоғам ел алдында бедел алып, халықтық қозғалысқа айналды. Әсіресе Тіл Заңы мен Мемлекеттік Бағдарламаның іске қосылуына Қоғам қосқан үлес өлшеусіз. «Қазақ тілі» қоғамы бұл мәселелерді бірінші күннен бастап назарда ұстады. Ол облыстық Кеңестердің сессиясында Мемлекеттік Бағдарламаның арнайы қаралып, осыған орай нақты шаралар белгіленуін қадағалады. Осындай мақсатты көздген Ө.Айтбайұлының тікелей басшылығымен өткен алқа жиындардың (Ақмола, 1990; Ақтөбе, Алматы, Семей 1991,1994; Жамбыл, 1992; Талдықорған, 1993; Семей,1999; Павлодар,2002; Өскемен,1994,1998,2003) маңызын кезінд радио, телевизия, баспасөз беттерінде жан-жақты сөз еткен болатын. Бұл алқа жиындар алдында жер-жерде, әрбір облыс, қала, аудан, бастауыш ұйымдар жергілікті жердің сұраныс еркшеліктеріне орай нақты шаралар қабылдап отырды. Оның бәрі қоғамның жұмысына жүйелілік пен мақсаттылық бағыт берді. Қоғам тілге қатысты салалардың бәріне араласып, өзінің тіл жоқшысы, бірден-бір қамқоршысы екенін үнемі дәлелдеп отырды. Міне, осы жұмыстардың бірде-бірі Ө.Айтбайұлының қатысуынсыз өткен емес. Ө.Айтбайұлы академик Ә.Қайдармен бірге Қоғам бөлімшелерін республикадан тыс жерлерде де ашуды ойластырды. Бұған негізгі себеп болған сыртта жүрген отандастар тағдыры еді. Осы мақсатпен ол Мәскеу, Астрахан қалаларында болып, ондағы қалалық ұйымдар конференцияларына қатысады. Ол 1989жылдың желтоқсан айында Киев, Вильнюс, Рига, Таллин қалаларында болып, сол қалалардағы тіл қауымдастықтарының жұмысымен танысады, тәжірибе жинақтайды. Омбы, Қорған, Орынбор, Сарытау, Санкт-Петербург, т.б.қалаларындағы бөлімшелерге нақты әдістемелік кеңес береді. Сондай-ақ АҚШ, Англия, Сауд Аравиясы, Қытай, Түркия елдерінде болып, онда да ұйым құру жөнінде нақты сөз қозғады. Соның нәтижесінде аталған қалалардың көбінде қазір Қогам бөлімшелері жұмыс істуде. Туысқан қырғыз халқының тіл қоғамын құруда да Ө.Айтбайұлының еңбегі едәуір. Қазір оларда да «Қырғыз тілі» қоғамы жұмыс істеп отыр. Дүниежүзілік қазақтарының Құрылтайын өткізу идеясын да көтергендердің бірі – «Қазақ тілі» қоғамы болатын. Өзге қоғамдық ұйымдармен (Жазушылар одағы, «Қазақстан» қоғамы) қатар мұның ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында Ә.Қайдаровпен бірге Ө.Айтбайұлы да болды. Сондай-ақ Өмірзақ Айтбайұлының белгілі ғалым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің өнері мен шығармашылық еңбегіне бағышталған баяндама, мақалалары оқырман қауымға ой салар, әсіресе жас ұрпаққа үлгі, өнеге болар өрелі ойларға толы. Бұл ретте Махамбет Өтемісұлы, Сәкен Сейфоллаұлы, Шал ақын, Иса Байзақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Нұртас Оңдасынов, Сәйділ Талжанов, Мәулен Балақаев, Ісмет Кеңесбаев, Әбдуәли Қайдар, Зәки Ахметов, Рабиға Сыздықова, Шора Сарыбаев, Телқожа Жанұзақов, Сапарғали Омарбеков, Сейілбек Исаев, Рақыш Әміров, Тұрағұл Қоңыров, т.б.ғалымдар жұмысына жасаған талдамалары мен өмірнамаларын еске алсақ та жетерлікті. Өмірзақ Айтбайұлының толассыз еңбегі үкімет тарапынан да, ғылым қауымдастығынан да жоғары бағасын алып келеді. Ол 1994 жылы Академияның жалпы Сессиясында ҰҒА-ның корреспондент мүшесі болып бір ауыздан сайланды. 2003 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Ө.Айтбайұлы қайраткерлік қабілетін шыңдаумен бірге ғалым ретіндегі іздену, зерттеу, ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты тереңдете түсіп отыр. Ол қазір «Тіл біліміне кіріспе» пәні мен қазақ тілі лексикологиясы тармақтарынан дәріс жүргізеді, курстар оқиды, арнаулы семинар өткізеді. Осы салалар бойынша жоғары оқу орындарына, оның ішінде «Қайнар» университеті филология факультетінің түлектеріне арнап оқулық дайындады. Ол 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Өмекең екі ұл, бір қыздан 5-6 немере көріп отырған айтулы ата. Үлкен ұлы Біржан 1994жылы қайтыс болып кетті. Одан Индира атты немересі бар, ол қазір жоғары оқу орнын бітіріп, банк жүйесінде, білім арбасында жұмыс істеп жүр. Ерланнан туған Шыңғысы Санкт-Петербург университетін бітіріп, Астана қаласында министрлікте қызмет етуде. Айзере атты немересі биыл 5 жаста. Қызы Ләзизаның үлкені Заң университетінің студенті, Жәңгірхан биыл 5-сыныпта оқып жүр. Кенесары келесі жылы мектепке баруға дайындалып жүр. Ө. Айтбайұлының тағы бір ерекшелігін атаған жөн. Ол ғылым мен өнерді тел еміп, қатар ұстап келе жатқан ғалым. Әсіресе ақындық пен сазгерлік өнерінің жөні бөлек. «Көкше келбеті» тәрізді өлеңі табиғатты сипаттайды. Ал «Жар сәлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Аққоян», «Өнерім» тәрізді т.б.әндері жұртшылыққа мәлім. Ө.Айтбайұлының тыңдаушысын тамсандырған әншілік өнері мен күйшілік өнері өз алдына бір сала әңгіме. Оның орындауындағы біраз әндер қазақ радиосының «Алтын қорында», сондай-ақ «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» атты көркем фильмдегі Өмірзақ орындаған Біржанның «Теміртасы» бүкіл әлемге тарады. 2003 жылдың 28 ақпанында Ғалымдар үйінде Ө.Айтбайұлы өткізген «Көңілімде көп сыр айтылмаған» екі жарым сағатқа созылған шығармашылық кеш әлі күнге жұрт аузында. Онда профессор көп орындала бермейтін халық әндері мен күйлерді ұлы ғұлама ұстаздар Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаевтың рухтарына бағыштап орындаған еді. Оның ғылыми зерттеулері, шығарған кітаптары, қоғамдық қызметі, шығармашылық өнері жайында әріптестері баспасөз беттерінде талай рет жазды. Әншілік, домбырашылық өнері туралы өнертанушы зерттеушілер де жоғары бағалады.Ө.Айтбайұлының ғылыми зерттеу, тәлімгерлік-ұстаздық, қоғамдық қызметінде әлі де мол еңбектер береріне сенеміз.

                                        Өзекті мақалалары:

  1.     Қазақ сөзі, А., 1997;  

 2.     Основы казахской терминологии, А., 2000;

3.     Тіл майданы (оқулық), А., 2004;

4.     Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007.

                                  Ол туралы:

 ТІЛҒҮМЫР. Академик Ө.А.Айтбаевтьщ ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметі туралы. Әбдуәли ҚАЙДАР, ҚР ҮҒА-ның академигі, Ғарифолла ӘНЕС, филология гылымдарыныц кандидаты http://emirb.org/o-ajtbajli-tilfmirlar-ip-kitap-pavlodar-2010.html?page=14

 Шығармалары

       Аудармадағы фразеологиялық құбылыс, А., 1975;

      Қазақ терминологиясының мәселелері, А., 1986;

      Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, А., 1988;

      Терминдер және олардың аудармалары, А., 1990;

      Қазақ сөзі, А., 1997;

      Основы казахской терминологии, А., 2000;

      Тіл майданы (оқулық), А., 2004;

      Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007.

 

  


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз